“Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл” мерекелік медалімен марапатталды » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл” мерекелік медалімен марапатталды
20
декабрь
2021

“Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл” мерекелік медалімен марапатталды

Үркімбаева Айгүл Рақымбайқызы - жоғары білікті бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші.
Еңбек өтілі: 40 жыл
№185 жалпы білім беретін мектебі ашылғалы бері үздіксіз педагогикалық жемісті қызметін оқу-әдістемелік жұмыстарға арнап, ұстаздық ұстаханасынан бәсекеге қабілетті, зияткер ұрпақты тәрбиелеп шықты.
Үркімбаева Айгүл Рақымбайқызы - білім беру жүйесінде педагогикалық және жетекшілік жұмыстарында мол тәжірибесі бар кәсіби маман. Ұстаздық еткен осы жылдар кезеңінде өзін жауапты да білімді, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруға бейімделген, майталман маман ретінде көрсете білді. Шәкірттері қалалық, республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының, аймақаралық байқаулардың жүлдегерлері.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жыл 2 желтоқсандағы жарлығына сай Үркімбаева Айгүл Рақымбайқызы “Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл” мерекелік медалімен марапатталды.
Құттықтаймыз! Мектеп ұжымы елеулі марапатыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: