Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз" » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз"
23
февраль
2022

Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз"

Алматы қаласы Алатау ауданы №185 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері арасында Құрманбек Назгүл Бидайбекқызы мен Капанова Назым Қабдешқызының ұйымдастыруымен "Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз" атты шеберлік сағаты өтілді. Ұстаздарымыз әдемі атмосферада қиялдарына ерік беріп, түрлі панно туындыларын жасап шықты. Жалпы қол еңбегімен айналысу адамның шаршағанын басып, шеберлігін шыңдап, өмірге деген құлшынысын, жұмыс істеуге деген ынта-жігерін оятатын ерекше керемет құбылыс. Шығармашылықпен, ерекше махаббатпен жасалған жұмыс әріптестерімізге жанға жылы әдемі сәт сыйлады. Сабақ соңында ұстаздарымыз жасаған жұмыстарын көрсетіп, пікірлерін айтып, көңілді тарасты. Осындай шығармашылықпен айналысу жұмыстарын үйде отбасымен немесе сыныпта оқушылармен, ата-аналармен, әріптестермен бірге жасап көруге кеңес береміз. Осы мақсатпен челлендж ұйымдастырғымыз келіп отыр. Ендеше келесі панно жасауға ұсынысты зор құрметпен №185 ЖББМ жоғары сынып ұстаздарына жолдаймыз. ​https://www.instagram.com/tv/CaUvB1WDk4U/?utm_source=ig_web_copy_link​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: