«Математика ғылымдарындағы кіріктірілген сабақтардың практикалық маңызы» атты қалалық әдістемелік семинар » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Математика ғылымдарындағы кіріктірілген сабақтардың практикалық маңызы» атты қалалық әдістемелік семинар
21
январь
2021

«Математика ғылымдарындағы кіріктірілген сабақтардың практикалық маңызы» атты қалалық әдістемелік семинар

Қазақстандық ұстаздар алдында түбегейлі өзгеріс мәселесі туындап отыр, бұл ең алдымен қашықтық сабақтарды үнемді өткізу, сапасын жақсартуға бағытталған болуы керек.  Осыған орай  20.01.2021 ж Алматы қаласы Алатау ауданы №185 ЖББМ ПШО МИФ бірлестігі мұғалімдері және қала мектебтері «Математика ғылымдарындағы кіріктірілген сабақтардың практикалық маңызы» атты қалалық  әдістемелік семинарда бас қосты.
Тәжірибе алмасу мақсатында көрсетілген математика-физика сабақтарындағы кіріктірілген тақырыптарды жаңартылған бағдарламаға сай қашықтан оқытуда жүзеге асыру көрсетілді. Семинар басында мектеп директоры Кержикеева Данагуль Рысбаевна  қашықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейтінін айтып өтсе, ДОІЖО Қали Ақылбек осыған орай, мектептертер арасында шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажеттілігі заман талабы екенін айтып кетті.  Математика пәні мұғалімі Алибекова Зауреш Нурлибаевна және физика пәні мұғалімі Масимгазиева Жанат апайлар кіріктірілген сабақтарда “Туынды” тақырыбын қашықтан оқытуда  кіріктірілген сабақ өткізудің мұғалім үшін тиімділігіне тоқтала  кетті.  Өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, кіріктірілген сабақтар элементтерін біртіндеп пайдалана отырып математика/геометрия/ физика пәнін қызықты, өзгеше өткізу үшін, қашықтан оқыту технологияны қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру жолдарын көрсетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: