БАЛАЛАРДЫ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАЛАЛАРДЫ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ
30
март
2022

БАЛАЛАРДЫ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ

▪️Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.  
▪️Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйекте толық 6 жаста болса, барлық бала қабылданады. Ал жасы толық 6-ға толмаған балалардың (олардың жасы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.  
▪️Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде жіберіледі.  
▪️Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш (тіркелу орны бойынша) білдірген үш үміткер, содан кейін басқа аумақтан бір үміткер қабылданады.  
▪️Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ.  
▪️Ата-аналар электронды форматта өтініш, туу туралы куәлік көшірмесін, баланың денсаулығы паспорты, денсаулық жағдайы туралы №063/у нысанындағы анықтама және 2 фотосурет тапсырады. 
▪️Гимназия, лицейлерден басқа мектептердің барлығы балаларды мектепке ешқандай емтихансыз қабылдайды.
Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: