“Эссе. Эссе жазудың дағдыларын қалыптастыру” » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Эссе. Эссе жазудың дағдыларын қалыптастыру”
15
август
2022

“Эссе. Эссе жазудың дағдыларын қалыптастыру”

https://www.instagram.com/p/ChWBpyOqjic/?utm_source=ig_web_copy_link


15.08.2022ж педагогтардың кәсіби құзіреттіліктері мен шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында мектепішілік пәндік панельдік секциялары басталды. Кәсіби тәжірибе алмасу және стратегиялық даму координаторы А.С.Қалидың жетекшілігімен панельдік секция жұмыстары тәжірибелік алаңда көрсетіледі. Панельдік секциялар аясында білім берудегі жаңа педагогикалық өлшемшарттар, зерттеу алаңдары, функционалдық сауаттылық негіздері тақырыптары тереңнен қарастырылып, мектеп активі кәсіби тәжірибелерімен бөліседі.
15.08.2022ж қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы “Эссе. Эссе жазудың дағдыларын қалыптастыру” тақырыбында панельдік секция жұмысын өткізді. Тақырып аясында педагогтарға эссе жазудың өлшемшарттары түсіндіріліп, дұрыс эссе жазудың сатылы амалдары шеберлік сағатта көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Г.А.Жолаева, Д.Е.Мамырхан тәжірибелік алаңда эссе жазудың дағдыларын қалыптастыру үшін жүргізілетін жұмыстарға тоқталып, тәжірибеде көрсетті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: