Мектепішілік тамыз кеңесі » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепішілік тамыз кеңесі
09
август
2021

Мектепішілік тамыз кеңесі

09.08.2021ж №185 жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік тамыз кеңесі қашықтан/онлайн ZOOM платформасымен өтті. Мектепішілік тамыз кеңесі жоспарға сәйкес панельдік секциялар құрылымдарына бөлінді. Мектеп директоры Д.Р.Кержикеева кеңесті алғысөзбен ашып, өткен оқу жылының ерекшеліктері мен басымдылықтарына тоқталып, жетекші мектеп ретіндегі жетістіктеріне сараптама жасады.
Кеңес модераторы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бас координатор А.С.Қали 2020-2021 оқу жылындағы know how өзгерістерді талдап, оның ішінде сараптамалық кеңес жұмысы, тренерлер корпусы мен педагогикалық шеберлік орталығының жұмыстарына сараптама жасады. Кеңесте мектептің стратегиялық даму жоспары қаралып, цифрлық сауаттылық, “Оқуға құштар - мектеп, оқуға құштар - ұлт” жобасы, педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, біліктілік санаттарын тағайындау, желілік және кәсіби қоғамдастық бөлімдеріне жаңашыл толықтырулар қабылданды.
Мектепішілік тамыз кеңесі бірнеше панельдік секцияларға бөлінді:
1. 10.08.2021ж қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінің секциясы;
2. 11.08.2021ж математика-ақпараттандыру пәндер циклі, жаратылыстану пәндер циклі, өзін-өзі тану;
3. 12.08.2021ж тарих және құқық, бастауыш білім;
4. 13.08.2021ж дене шынықтыру, өнер циклі пәндерінің кеңесі өтеді. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: