«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық»
17
август
2022

«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық»

[media=https://www.instagram.com/reel/ChWuMrnDtEB/?utm_source=ig_web_copy_link]
1тамыз бен 22 қыркүйек аралығында өтіп жатқан
" Мектепке жол " акциясы №185 жалпы білім беретін мекемесінде де үздіксіз жұмыс жүргізуде.
Мектепке жол акциясы жылдағы дәстүр бойынша жүргізіліп отыратын іс-шара. Биылғы балалар жылына тұспа-тұс келіп отырған бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр. Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады.
«Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр. Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез келген адам көмектесе алады. Осылайша әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын аламыз. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың атаулы, жеке тізімдері жасалған. Білім беру ұйымдарында «жедел желі» үздіксіз жұмысы ұйымдастырылған. Қиын өмірлік жағдайға тап болған барлық бала мен ата-ана көмек сұрай алады. Өз кезегінде бей-жай қарамайтын азаматтар, кәсіпкерлер, меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға қол ұшын соза алады».
Мектеп ұжымы болып жоғарыда айтылған мұқтаж адамдарға көмек қолын созып келеміз. Алтын ұяда білім алып жатқан әрбір оқушының тұрмыстық жағдайымен тығыз байланыста отырамыз. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты мұғалімдер қолдан келгенше аянбай жәрдем көрсетуде, тіпті ортамыздаға кейбір ұстаздар көмек керек оқушыларды бастан аяқ киіндіру де. Біз жылына бір-ақ рет акция барысында ғана емес оқу жылының соңына дейін де көмек қолын созып отырамыз.Науқанға кез келген адам қатыса алады: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады немесе керісінше көмек сұрай алады.
Әрине оқуға керекті құралдар болсын мейлі азық-түлікпен де жәрдемдесе алады.
Бұның барлығы бақытты балалардың болашағы үшін...

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

25 июль 2022 Мектепке жол
17 август 2021 Мектепке жол