" Мектепке жол " » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » " Мектепке жол "
26
август
2022

" Мектепке жол "

https://www.instagram.com/p/ChuAchSj83J/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
" Мектепке жол " акциясы №185 жалпы білім беретін мекемесінде де үздіксіз жұмыс жүргізуде.
Мектепке жол акциясы жылдағы дәстүр бойынша жүргізіліп отыратын іс-шара. Биылғы балалар жылына тұспа-тұс келіп отырған бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр. Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады.
«Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр. №185 жалпы білім беретін мектеп ұжымы жоғарыда айтылған мұқтаж адамдарға көмек қолын созып келеміз. Алтын ұяда білім алып жатқан әрбір оқушының тұрмыстық жағдайымен тығыз байланыста отырамыз. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты мұғалімдер қолдан келгенше аянбай жәрдем көрсетуде, тіпті ортамыздағы кейбір ұстаздар көмек керек оқушыларды бастан аяқ киіндірді. Біз жылына бір-ақ рет акция барысында ғана емес оқу жылының соңына дейін де көмек қолын созып отырамыз.Науқанға кез келген адам қатыса алады: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады немесе керісінше көмек сұрай алады.
Әрине оқуға керекті құралдар болсын мейлі азық-түлікпен де жәрдемдесе алады. Қазіргі таңда 50 оқушыға мектепке керек құрал жабдықтары мен мектеп киімдері табысталды. Үздік еңбектің арқасында атаулы отбасыларға көмек берілді.
Бұның барлығы бақытты балалардың болашағы үшін...

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

25 июль 2022 Мектепке жол
17 август 2021 Мектепке жол