27
сентябрь
2022
Несыпбеков Серикбол Нурхасанович - жоғары білікті дене шынықтыру пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.
Несыпбеков Серикбол Нурхасанович - жоғары білікті дене шынықтыру пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.Еңбек өтілі - 26 жыл.Шәкірттері қалалық және республикалық спартакиадалардың, байқаулар мен спорт біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Кәсіби тәлімін шәкірттеріне үздіксіз беріп, тәжірибесінде баскетбол, волейболға шыңдап, жаттықтырушы-тәлімгерлік қолдауын көрсетіп келеді.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында, Алматы қаласының білім беру жүйесіне және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісіне сіңірген еңбегі мен тәуелсіз еліміздің рухани-әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін Алматы қаласы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Құттықтаймыз! Еңбегіңіз жемісті болсын!