"Тапсырманы сабақ мақсатына сай өмірмен байланыстыру» семинар-тренинг өтті » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тапсырманы сабақ мақсатына сай өмірмен байланыстыру» семинар-тренинг өтті
10
январь
2023

"Тапсырманы сабақ мақсатына сай өмірмен байланыстыру» семинар-тренинг өтті

"Математика және ақпарттық технологиялар" пәндер кафердасы «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты он күндігі аясында математика пәні мұғалімдері, математика ғылымы магистрлері "Тапсырманы сабақ мақсатына сай өмірмен байланыстыру» семинар-тренинг өтті. Жаратылыстану бағытындағы пәндерінде инновациялық әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында өткізілген семинар теория, практика және "Табысқа жол" атты тренинг бөлімдерінен тұрды. Семинарға мектебіміздің білікті тренерлері мен жас мамандары қатысты.
Математика пәнінің мұғалімі Ауэлбекова Г.У. «Функционалдық сауаттылық – PIZA тапсырмаларын оқу мақсатына сай өңдеу жолдары» тақырыбында тапсырмалар көрсетті. Математикалық сауаттылық -әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру; дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту; есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру; математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану екендігі туралы айтып өтті және білімалушылардың математикалық сауаттылығын арттыру үшін қолданылатын жұмыстар түрлерімен таныстырды. Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану –тұжырымдау” деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды күшейтуге арналған практикалық тапсырмаларды әріптестермен жүргізген Тулеухасым С.Т. стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығартудың тың тәсілдерін көрсетті.
Ол оқытуда АКТ қолдану арқылы білім берудің тиімді жолдарын ұсынып, инновациялық технологияның үрдістерін тәжірибеде қолдану жолдарын көрсетті. "табысқа жол" тренингі аясында тұлғаның шығармашылық қабілеті деңгейін анықтау, дамытуға әріптестермен қызықты тапсырмалар орындалып, семинарға қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді.​https://www.instagram.com/p/CnSBZa_jXoI/?utm_source=ig_web_copy_link​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: