“Әлем нақты ғылымдар тілінде” атты математика және ақпарттық технологиялар кафедрасы он күндігі жүреді » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Әлем нақты ғылымдар тілінде” атты математика және ақпарттық технологиялар кафедрасы он күндігі жүреді
10
январь
2023

“Әлем нақты ғылымдар тілінде” атты математика және ақпарттық технологиялар кафедрасы он күндігі жүреді

Мектебіміздің жоспарына сай қаңтар айының 10 мен 20 аралығында “Әлем нақты ғылымдар тілінде” атты математика және ақпарттық технологиялар кафедрасы он күндігі жүреді. 10 қаңтар күні он күндік ашылу салтанаты өтті.Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, ақпарттық сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. Сондықтан да биылғы оқу жылында өткізілетін апталықтың тақырыбын да барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағыттадық.
Он күндіктің ашылуында білім алушылармен сөзжұмбақ, логикалық сұрақтар және қызықты тапсырмалар қоры жасалып, білімін сынап жүлде алғандарға сыйлықтар таратылды. Білім алушылар белсендікпен интеллектуалдық жекпе-жекке түсіп, жоғары білім деңгейін көрсете алды.
Кафедрада аптаның әр күні нақты бір тақырыпта аталып, сол бағытта жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылып отыруды жоспарлады..Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете біледі деген сенім білдіреміз.
https://www.instagram.com/reel/CnSAabHqQkw/?utm_source=ig_web_copy_link

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: