"Ақ бата- ақ тілек" жоба сайысы ұйымдастырылды » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ақ бата- ақ тілек" жоба сайысы ұйымдастырылды
27
февраль
2023

"Ақ бата- ақ тілек" жоба сайысы ұйымдастырылды

https://www.instagram.com/reel/CpNfwmyDWP6/?utm_source=ig_web_copy_link

Бастауыш білім беру кафедрасының "Баспалдағы білімнің бастауыштан басталған" онкүндігінде
2-ші сынып оқушылары арасында "Ақ бата- ақ тілек" жоба сайысы ұйымдастырылды. Ұраны: «Сұрасаң, бата берейін,
Үстем болсын мерейің!»
Мақсаты:
 Оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу;
 Халқымыздың салт–дәстүрлерін дәріптеуге, қастерлеуге үйрету;
 Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.
Жоба сайыстың ережесі:
• Сайысқа сыныпта өтілген сайыстан жоғары балл жинаған оқушы қатысады;
• Сайыскер өзі жаттаған бата сөзді жатқа айтады;
• Дауыс ырғағы, сөйлеу шешендігі, сахнада өзін ұстауы қаралады;
• Сайыскерге отбасы мүшелері қолдау көрсетіп, түрлі аспаптармен сүйемелдеп, сахналық көрініс көрсетуге болады;
• «Ақ бата- ақ тілек» бата сөздер жинақталған кітапшасын ұсынады;
Сайыстың қорытындысы бойынша Бас жүлде- 2 "Ә" сынып оқушысы Жәкен Айнара, І орын -2 «В» сынып оқушысы Мақұлбек Арсен, 2 «А» сынып оқушысы Бақытжанұлы Біләл , ІІ орын- 2 "Г" сынып оқушысы Тұрлыбек Даулет, 2 "Д" сынып оқушысы Серікболқызы Ұлпан, 2 "Ж" сынып оқушысы Базарбай Бексұлтан, ІІІ орын- 2 "Е" сынып оқушысы Тұрсынғазы Жалғас, 2 «З» сынып оқушысы Төреханқызы Шұғыла, 2 «Ғ» сынып оқушысы Манапбай Айсұлтан. Оқушылар жобаға жоғары дайындықпен келген. Қатысқан әр шәкіртке алғыс айтамыз! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: