🌿 «Таза Қазақстан» жобасы аясында 🌿
🌿 «Таза Қазақстан» жобасы аясында 🌿 Мектебімізде «Таза Қазақстан» республикалық жобасы шеңберінде аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар мен ұстаздар бірлесе отырып, мектеп ауласын тазалап, ағаш көшеттерін отырғызып, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты. 🌱 Мақсаты – оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту. Таза орта – жарқын болашақтың кепілі! 🌍✨