Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 6
“Алматы сервис және технологиялар колледжі”, “Алматы электрмеханикалық колледжі” және “Архитектура, дизайн және инженерия колледжі” оқу орындары
03
март
2026
“Алматы сервис және технологиялар колледжі”, “Алматы
Оқушылар ашық есік күні аясында “Алматы сервис және технологиялар колледжі”, “Алматы электрмеханикалық колледжі” және “Архитектура, дизайн және инженерия колледжі” оқу орындарына барды. Іс-шара барысында талапкерлер оқу бағдарламаларымен, мамандық түрлерімен және материалдық-техникалық базамен танысты. Колледж оқытушылары мен студенттері қонақтарға шеберлік сабақтарын көрсетіп, сұрақтарына жауап берді. Ашық есік күні оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беріп, әр оқу орнының
“Алматы автомеханика колледжі”базасында өткен ашық есік күні
03
март
2026
“Алматы автомеханика колледжі”базасында өткен ашық есік күні
Алматы қаласы Алатау ауданы №185 мектеп-гимназиясының оқушылары “Алматы автомеханика колледжі”базасында өткен ашық есік күні барысында оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Колледж оқытушылары мен студенттері қонақтарға заманауи шеберханаларды көрсетіп, оқу үдерісі жайлы түсіндірме жүргізді. Іс-шара барысында талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтары бойынша бағыт-бағдар алды.
«Жылдың үздік оқушысы-2026» байқауы
03
март
2026
«Жылдың үздік оқушысы-2026» байқауы
«АЛАТАУ» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Жылдың үздік оқушысы-2026» байқауы өз мәресіне жетті! 🏆 Мектебіміздің ең дарынды, білімді де белсенді оқушылары бақ сынасқан додада 8-9 сыныптар арасынан нағыз үздік анықталды. ✨ Байқау нәтижесі бойынша 9 «В» сынып оқушысы Кимхан Айару жоғары дайындығымен және ерекше қабілетімен көзге түсіп, «Жылдың үздік оқушысы-2026» атанды! Айаруды осы үлкен жеңісімен құттықтаймыз! Білім биігінде асуларды бағындыра бер, жас қыран! 
“Алматы телекоммуникация және машина жасау”колледжінде ашық есік күні
02
март
2026
“Алматы телекоммуникация және машина жасау”колледжінде ашық есік күні
Алматы қаласы Алатау ауданы №185 мектеп-гимназиясының білім алушылары “Алматы телекоммуникация және машина жасау”колледжінде ашық есік күніне қатысты. Ашық есік күні аясында білім алушылар оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, заманауи зертханалар мен шеберханаларды аралады. Колледж мамандары талапкерлерге мамандықтар, қабылдау шарттары және оқу ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді. https://www.instagram.com/reel/DVZtPNPCPEn/?igsh=d2I5ZXBudDR6Mzd0
«Жас сақшы» сыныптарының ата-аналары және сынып жетекшілерімен “Бірлесе қызмет ету - қауіпсіздік кепілі” атты кездесу өтті
27
февраль
2026
«Жас сақшы» сыныптарының ата-аналары және сынып жетекшілерімен
2026 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласы Полиция департаменті «Жас сақшы» сыныптарының ата-аналары және сынып жетекшілерімен “Бірлесе қызмет ету - қауіпсіздік кепілі” атты кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қауіпсіздігі мен есірткіге қарсы түрлі зиянды заттардан сақтанудың ережелерімен таныстырылды. «Жас сақшы» сыныбының жетекшісі:  Байбураева Жанат Айтказиевна https://www.instagram.com/p/DVTAxGfDTtq/?igsh=azdrZWM1ZmV2em9j
АЛАТАУ» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Алатау ауданының мектеп көшбасшыларына арналған аудандық семинар
26
февраль
2026
АЛАТАУ» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Алатау ауданының
Бүгін №185 мектеп-гимназиясының базасында «АЛАТАУ» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Алатау ауданының мектеп көшбасшыларына арналған аудандық семинар өтті. ✨ Семинар тақырыбы: «Жетістікке апарар жол. Мотивация және көшбасшылық». Шара барысында жас көшбасшылар өзара тәжірибе алмасып, командамен жұмыс істеу, тұлғалық даму және мақсатқа жету жолдары туралы тың ақпараттармен бөлісті. Болашақ мектеп парламентінің жұмысын жандандыру бағытында мазмұнды кейстер талқыланды. 📍 Мақсаты: Аудан
«Көктем – 2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында халықты құлақтандыру жүйесіне жоспарлы тексеру жүргізілді.
25
февраль
2026
«Көктем – 2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында халықты
📢 25 ақпан күні сағат 11:00-де Алматы қаласында «Көктем – 2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында халықты құлақтандыру жүйесіне жоспарлы тексеру жүргізілді. Оқу-жаттығу барысында «Баршаның назарына!» сигналы беріліп, қала аумағында қысқа уақытқа сиреналар қосылды. Сонымен қатар телерадио хабарларын тарату арналарын ұстап қалу жүйесі іске қосылды. 🏫 Мектебімізде де аталған оқу-жаттығу ұйымдастырылып, оқушылар мен қызметкерлерге төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет тәртібі түсіндірілді. «Баршаның
“ЖИ көмегімен биология сабағында білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудың практикалық мүмкіндіктері” тақырыбында қалалық семинар
20
февраль
2026
“ЖИ көмегімен биология сабағында білім алушылардың
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технодогиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2026 жылдың 20 ақпанында №185 мектеп-гимназия базасында “ЖИ көмегімен биология сабағында білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастырудың практикалық мүмкіндіктері” тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға Алматы қаласының биология пәні мұғалімдері қатысты. Семинар модераторы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Халықаралық зерттеулердің
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы
18
февраль
2026
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының Алматы қалалық кезеңінің 1 дәрежелі жүлдегері педагог-психолог Маханбет Мадина Жорабекқызы марапатталады. Республикаға жолдама алды!🥳 ​https://www.instagram.com/p/DU7cRdLiOUv/?igsh=aXh3OXk0cHduanc=​​​ 
«Үздік сынып жетекші» байқауы
18
февраль
2026
«Үздік сынып жетекші» байқауы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында«Сапалы тәрбие – саналы ұрпақ» тақырыбында 1–11 сынып жетекшілері арасында мектепішілік «Үздік сынып жетекші» байқауы өткізілді. Байқау 5 кезең бойынша ұйымдастырылып, әр кезеңде ұстаздардың кәсіби шеберлігі, тәрбие жұмысын жүйелі жоспарлау қабілеті, шығармашылық ізденісі, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдануы және оқушылармен тиімді қарым-қатынас орната білу дағдылары бағаланды. Іс-шараның мақсаты – сынып жетекшілерінің тәжірибе алмасуына мүмкіндік