Ақпарат » Страница 55 » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 55
"Оқушыларға эссе жазудың тиімді жолдары"
26
ноябрь
2021
"Оқушыларға эссе жазудың тиімді жолдары"
№185 ЖББ мектебімізде Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдағына арнайы құрылған жоспар бойынша іс-шаралар жалғасуда. 26.11.2021ж сағ: 11:00 де "Оқушыларға эссе жазудың тиімді жолдары" тақырыбында семинар сабағын: Дегенбаева Л.Д Базаркулова Н.Е тәжірибелі ұстаздар өткізді. Эссенің мақсаты:тақырыпқа қатысты өз ойларын жеткізіп, пікірлерін дәлелдеп,қажетті ақпараттарды саралап,орынды қолдану.Эссенің түрлерін ажыратады және аргументативті эссе жазады. Міндеті:эссе жазудың тиімді жолдарын практикада
Екіжақты әдістемелік-тәжірибелік талқылаулардан соң кәсіби қоғамдастық меморандумы жасалды.
26
ноябрь
2021
Екіжақты әдістемелік-тәжірибелік талқылаулардан соң кәсіби
Алматы қаласы Өрлеу біліктілікті арттыру институтымен №185 жалпы білім беретін мектебі кәсіби қоғамдастық меморандумын талқылады. Екіжақты әдістемелік-тәжірибелік талқылаулардан соң кәсіби қоғамдастық меморандумы жасалды. 30.11.2021ж ресми меморандумға қол қойылу рәсімі өтеді.
«Даланың дара ұстазы»
25
ноябрь
2021
«Даланың дара ұстазы»
№185 ЖББ мектебімізде Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Даланың дара ұстазы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі онкүндігінің ашылу салтанаты болды. Іс-шараны мектебіміздің директоры Данагүл Рысбайқызы ашып, сауатсыздықтың бұлтын сейілтіп, қазақ даласына білімнің нұрын шашқан даңқты дала қоңырауын мақтанышпен айтып өтті. «Кел, балалар,оқылықпен» әліппе бетін ашқан мектеп оқушылары онкүндіктің ашылуына белсене қатысты.Іс-шара барысында Ыбырай атамызға арнау өлеңдерін оқып,
"Рухани адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптармен таныстыру"
24
ноябрь
2021
"Рухани адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптармен таныстыру"
"Рухани адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптармен таныстыру" тақырыбында Республикалық сабақ өткізу бойынша іс-шара жоспарына сәйкес "185 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де өзін-өзі тану пәні бойынша және кітапхана меңгерушісі ұйымдастыруымен 9-10-11 сыныптар арасында рухани адамгершілікке тәрбиелейтін кітап қорындағы Сара Алпысқызының кітаптарымен және ozin-ozi tanu.kz сайтымен таныстыру ұйымдастырылды.Кітап- жас ұрпақтың рухани адамгершілік тәрбиесі мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға,
БАСПА
23
ноябрь
2021
БАСПА
Маукебеков Аскар Токтарбекович - жоғары білімді ағылшын тілі пәні мұғалімі, пелагог-зерттеуші. Қалалық, республикалық деңгейде кәсіби тәжірибе алмасу алаңдарында озық тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа педагогикалық өлшемшарттарға сәйкес ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістемелік негіздерін саралап келеді. “Зияткер” ғылыми-әдістемелік баспасында Аскар Токтарбековичтің Countrystudy ағылшын тілі пәнінен 10-11 сыныпқа арналған ҰБТ-ға дайындық оқу бағдарламасы жарияланды. Құттықтаймыз!
«Балалықтың бал шағы »
22
ноябрь
2021
«Балалықтың бал шағы »
22 қараша күні «Жалпыадамзаттық құндылықтар – бақытты өмір негізі» тақырып аясында , Өзін-өзі тану пәні бойынша №185 жалпы білім беретін мектептің 4- сынып оқушыларымен «Балалықтың бал шағы » атты іс-шара өткізілді. Оқушылар тақырыпқа байланысты суреттер салды. Сабақтың мақсаты: «Бақытты өмір» ұғымының мән-мағынасын ашу арқылы оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету. Міндеттері: оқушылардың өмірлік тәжірибесінен алынған материалдарды талдау негізінде «бақытты өмір»
"ДАРА БАЛА"атты байқауда "БЕЙНЕЛЕУ ОНЕРІ"
22
ноябрь
2021
"ДАРА БАЛА"атты байқауда "БЕЙНЕЛЕУ ОНЕРІ"
Республикалық "Дара бала" журналының ұйымдастыруымен өткізілген "ДАРА БАЛА"атты байқауда "БЕЙНЕЛЕУ ОНЕРІ" аталымы бойынша өнер көрсетіп, ерекше өнерімен көрермен көзайымына айналған, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған "№185жалпы білім беретін" КММ 3 «Ғ» сынып оқушысы: Карим Кәусар және Ырысдаулет Назерке І дәрежелі дипломымен марапатталады. Жетекшісі: Омарбаева Жазира Серікқалиқызы
Шахмат ойыны
22
ноябрь
2021
Шахмат ойыны
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алатау ауданы мемлекеттік білім беру мекемелері қызметкерлері арасында өткен шахмат ойыны жарысында 185 ЖББМ ұстазы Есенбаева Жұлдыз 1 орынды, Мәукебеков Асқар 3-орынды иеленді. Есенбаева Жұлдыз қалалық ойынға жолдама алды.
"Туға қарап бой түзе"
20
ноябрь
2021
"Туға қарап бой түзе"
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерейтойына орай "Жас Ұлан, Жас Қыран" ББЖ ұйымының ұйымжастыруымен өткен "Туға қарап бой түзе" атты аудандық ту ұстаушылар байқауына қатысып, ІІ орын иегері атанғаны үшін №185 ЖББ мектебіміздің шәкірттері "Бөрілер" тобы марапатталады. ​https://www.instagram.com/p/CWcvmxxDcKj/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
Желтоқсан көтерілісі
19
ноябрь
2021
Желтоқсан көтерілісі
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.  Жүрегімізден ойып тұрып орын алған осы бір елеулі оқиғаны өз көзімен көріп, орыс отаршылдарына қарсы күрес көрсеткен батыр ұстаздарымыз Келденова Светлана Кәдірбайқызы мен Келденов Санат Кәдірбайұлы оқушылармен кездесіп, білім
“Педагогикалық идеялар фестивалі”
18
ноябрь
2021
“Педагогикалық идеялар фестивалі”
Назар Наргиза Ержанқызы - жоғары білікті физика пәні мұғалімі, педагог-модератор. Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен қалалық “Педагогикалық идеялар фестивалі” байқауында Назар Наргиза 3 орын жеңімпазы атанды. Құттықтаймыз!
“Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұрағы”
17
ноябрь
2021
“Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұрағы”
“Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұрағы” атты V Республикалық оқушылар айтысының қалалық кезеңінде 11”А” сынып оқушысы Абдуғаффаров Болатжан 3-орын жеңімпазы атанды. Жетекшісі: Байкушукова Э.Т.
«Алтын күз»
17
ноябрь
2021
«Алтын күз»
№185 ЖББ мектебімізде «Жас Ұлан , Жас Қыран» ББЖҰ – ның 1-10 сынып оқушылары арасында өткен «Алтын күз» тақырыбындағы тематикалық аптасы бойынша: 9 қараша күні 1-4, 5-6 сыныптар үшін «Бояулар сыры» тақырыбында қабырға-газет байқауы өтті. 10 қараша 7-8 сыныптар үшін «Күрең күз» атты қолөнерлер көрмесі. Әр сыныптан бір шеберлік бұйым дайындау байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: табиғаттың  күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту. Күзгі табиғаттың әсемдігін
Домбыра үйірмесі
16
ноябрь
2021
Домбыра үйірмесі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: "Ежелгі дәуірден жеткен қастерлі домбыра ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. Қазақ сан ғасырлық шежіресінің куәсі болған қасиетті аспапты бойтұмарына балаған. Қазіргі тілмен айтсақ, бұл- біздің ұлттық брендіміз. "-деді. Міне, 185 мектепте осындай асыл мұраны дәріптеу үшін, өскелең ұландарымызды ұлттық рухпен тәрбиелеу үшін домбыра үйірмесі ашылды. Үйірмеге балалардың қызығушылығы бірден артты. Қазақ пен домбыраны бөле жара
«Күз кереметі»
15
ноябрь
2021
«Күз кереметі»
«№185 ЖББ» мектебіміздің 3 «Д» сынып оқушылары «Күз кереметі» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: Оқушыларға берекелі күздің қыры мен сыры және ырысы мен қуанышы туралы түсінік беру. Өздерінің қатысуымен сахналық көрністер қойып, таным қабілеттерін ашу. Жыл мезгілдерінің төресі болған күз жайлы өздері білетін ойларын ортаға салу. Оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын, арттыру, ой-өрісін кеңейту. Табиғат сұлулығын сезіне білуге, оны аялай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың күз
ЖЕТІСТІКТЕР
13
ноябрь
2021
ЖЕТІСТІКТЕР
№185 ЖББ мектебіміздің 9-11 сыныптар арасында футболдан өткен аудандық жарыста жүлделі 2-орын алғаны үшін шәкірттеріміз марапатталады. Жетекшілері: Абдильдаев.Т Титенаев. Ж  
"Алтын күз"
12
ноябрь
2021
"Алтын күз"
Мектебімізде 12 қарашада 9-10 сыныптар арасында "Алтын күз" байқауы өтті. Әр сыныптан бір ұл, бір қыз қатысты. Байқаудың шарты бойынша: -Таныстыру 1-2минут -Өнерліге өріс кең(жұп немесе топ болып өз өнерлерін көрсету) 2-3минут -"Күз береке"дастархандық мәзір(жеміс, көкөніс т. б заттардан тағам жасау) -Сән үлгісі (ерекше оймен дайындалған киім, шаш үлгісі) 1минут Байқаудың қорытынды аптасына барлық қатысушылардың тыңғылықты дайындықпен, тың ізденіспен, өздерінше жаңашылдықпен келгендерін бірден
Алтын сақа
12
ноябрь
2021
Алтын сақа
Математика пәнінен республикалық « Алтын сақа >> олимпиадасының аудандық кезеңінде І ОРЫН иеленгенi үшiн №185 ЖББМ Атажанов Нуртас марапатталады Жетекшісі: Махабаев Абзал Құттықтаймыз!
Алғыс хат
11
ноябрь
2021
Алғыс хат
№185 ЖББ мектебіміздің директоры: Кержикеева Данагүл Рыспайқызы 2020-2021 жылғы кезекті Ұлттық халық санағын өткізуде белсенді атсалысқаны және әлеуметтік экономикалық дамуын анықтау жолында аянбай еңбек етіп, өз үлесін қосқаны үшін Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың Алғыс хатымен марапатталды.
Қалалық ЭССЕ
10
ноябрь
2021
Қалалық ЭССЕ
Ұстаздар күніне орай өткізілген ағылшын тілі пәнінен қалалық эссе байқауына №185 ЖББ мектебінің 7"Ә" сынып оқушысы: Ақымжан Алтынай 2 орын иеленгені үшін марапатталады. Жетекшісі: Сүйерқұл Айнұр Құралбекқызы Құттықтаймыз!!!