Ақыл Самарханұлы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақыл Самарханұлы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды
02
сентябрь
2023

Ақыл Самарханұлы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды

Қали Ақыл Самарханұлы - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, жетекші мектеп координаторы, мектептің стратегиялық даму және кәсіби тәжірибе алмасу координаторы.
Кәсіби тәжірибесі білім сапасын арттыру мен халықаралық зерттеулерді практикалық жағдаяттарда орындау, білім сапасын мониторингтауды халықаралық зерттеулер аспектісінде қарастыру, функционалдық сауаттылық негіздеріне бағытталып, қала, аймақаралық, республикалық тәжірибе алмасу кеңістігінде көрсетіліп келеді.
“Эссе жазудың өлшемшарттары”, “Ұлттық тәрбие негіздері” әдістемелік бағдарламаларының авторы, “Жаһандық құзыреттер” авторлық бағдарламасының әзірлемелік тобының мүшесі, бағдарлама үйлестірушісі болды.
Шәкірттері пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері, зерттеу жұмыстарының грант иегерлері. Кәсіби ұстаханасынан қоғамға журналистер, тілшілер, гуманитарлық сала мамандары шыңдалып, ұстаз абыройын асқақтатып келеді.
Білім саласын дамыту жолында қол жеткен табыстары және оған қосқан үлесі үшін Ақыл Самарханұлы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: