21
май
2026
Дарынды және талантты білім алушылардың құрметіне арналған салтанатты шеру жоғары деңгейде өткізілді.
Бүгін мектебімізде дарынды және талантты білім алушылардың құрметіне арналған салтанатты шеру жоғары деңгейде өткізілді. Аталған шараға «Алатау» өзін-өзі басқару ұйымының белсенді оқушылары, спорт пен өнер саласының үздіктері, оқу озаттары, сондай-ақ аудандық, қалалық және республикалық деңгейдегі түрлі байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегерлері қатысты.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың жетістіктерін ұлықтау, олардың еңбегі мен талпынысына қолдау көрсету, білімге, өнерге және спортқа деген қызығушылықты арттыру, жастар арасында белсенділік пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Салтанатты шеруде мектеп абыройын асқақтатып жүрген дарынды шәкірттеріміз ерекше құрметке ие болды. Өздерінің білімдерімен, өнерімен және спорттағы жетістіктерімен биік белестерді бағындырып жүрген оқушыларымыз – болашақтың жарқын иелері екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Осындай тағылымды әрі рухты шаралар жас ұрпақтың бойында мақсатқа ұмтылу, еңбекқорлық және елге қызмет ету секілді асыл қасиеттерді нығайтып, жаңа жетістіктерге жігер береді. Мектебіміздің мақтанышына айналған барлық дарынды оқушыларымызға сәттілік пен толағай табыс тілейміз!
https://www.instagram.com/reel/DYj9G5YtISq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==