Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 03.03.2026
“Алматы сервис және технологиялар колледжі”, “Алматы электрмеханикалық колледжі” және “Архитектура, дизайн және инженерия колледжі” оқу орындары
03
март
2026
“Алматы сервис және технологиялар колледжі”, “Алматы
Оқушылар ашық есік күні аясында “Алматы сервис және технологиялар колледжі”, “Алматы электрмеханикалық колледжі” және “Архитектура, дизайн және инженерия колледжі” оқу орындарына барды. Іс-шара барысында талапкерлер оқу бағдарламаларымен, мамандық түрлерімен және материалдық-техникалық базамен танысты. Колледж оқытушылары мен студенттері қонақтарға шеберлік сабақтарын көрсетіп, сұрақтарына жауап берді. Ашық есік күні оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беріп, әр оқу орнының
“Алматы автомеханика колледжі”базасында өткен ашық есік күні
03
март
2026
“Алматы автомеханика колледжі”базасында өткен ашық есік күні
Алматы қаласы Алатау ауданы №185 мектеп-гимназиясының оқушылары “Алматы автомеханика колледжі”базасында өткен ашық есік күні барысында оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Колледж оқытушылары мен студенттері қонақтарға заманауи шеберханаларды көрсетіп, оқу үдерісі жайлы түсіндірме жүргізді. Іс-шара барысында талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтары бойынша бағыт-бағдар алды.
«Жылдың үздік оқушысы-2026» байқауы
03
март
2026
«Жылдың үздік оқушысы-2026» байқауы
«АЛАТАУ» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Жылдың үздік оқушысы-2026» байқауы өз мәресіне жетті! 🏆 Мектебіміздің ең дарынды, білімді де белсенді оқушылары бақ сынасқан додада 8-9 сыныптар арасынан нағыз үздік анықталды. ✨ Байқау нәтижесі бойынша 9 «В» сынып оқушысы Кимхан Айару жоғары дайындығымен және ерекше қабілетімен көзге түсіп, «Жылдың үздік оқушысы-2026» атанды! Айаруды осы үлкен жеңісімен құттықтаймыз! Білім биігінде асуларды бағындыра бер, жас қыран!