Мектеп асханасының тамақтану мәзірі мен санитарлық жағдайын қадағалау және тамақтардың дайындалу сапасы » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп асханасының тамақтану мәзірі мен санитарлық жағдайын қадағалау және тамақтардың дайындалу сапасы
03
май
2023

Мектеп асханасының тамақтану мәзірі мен санитарлық жағдайын қадағалау және тамақтардың дайындалу сапасы

«№185ЖББМ» КММ мониторинг (бракераж)комиссия мүшелері мектеп директоры Д.Р Кержикеева ,ата –ана А.Сагинова және мектептің әлееуметтік педагогі С.Ж Шидееваның  қатысуымен, аз қамтылған, көпбалалы және ата- ана қамқорлығынсыз қалған  оқушылардың бір реттік ыстық тамақпен дұрыс қамтылуын бақылау және азық-түлік пен дайын өнімдердің сақтық шарттарының орындалуы мен сақтау мерзімін бақылау мақсатында мектеп асханасына тексеру жүгізіліп акт толтырылды.
Мектепте 1-4 сыныптар бойынша 981 оқушы, 5-11 сыныптар бойынша 94 оқушы бір реттік  ыстық тамақпен қамтылған. Дайын тамақтың сапасын бақылау (бракераж) журналына күнделікті толтырылып  тексеру жүргізіліп,асханада бекітілген ас мәзірі бойынша жұмыс атқарып,ыстық тамақ ас мәзірі бойынша  уақытында берілетіні анықталды.
Оқушылар қойылған кесте бойынша асханаға келеді және  қол жууына, қол кептіруіне жағдай жасалынған.Мектеп жағдайында азық-түлік өнімдерінің сақталу мен олардың қалыпты температурада  сақтау жарамдылығы белгіленген талаптарға сай.Күнделікті әзірленген тамақтың сапасын,құрамы мен массасын анықтау мақсатында бақылау жүргізіліп отырады.
Мектеп асханасының тамақтану мәзірі мен санитарлық жағдайын қадағалау және тамақтардың дайындалу сапасы мен тазалықтың сақталуын әкімшілік тарапынан күнделікті тексеріп отырады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: