09.06.23 "Күншуақ" тобында Бүгінгі күніміз "Табиғат күні" деп аталады. » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 09.06.23 "Күншуақ" тобында Бүгінгі күніміз "Табиғат күні" деп аталады.
09
июнь
2023

09.06.23 "Күншуақ" тобында Бүгінгі күніміз "Табиғат күні" деп аталады.

09.06.23 "Күншуақ" тобында
Бүгінгі күніміз "Табиғат күні" деп аталады. Балаларды қабылдап алып,таңғы жаттығуымызды жасадық."Дені саудың жаны сау" тренинг өткізді. Тиналиева Гулмира апай тренинг жүргізу барысында,әсерлі,қызықты өткізе отырып,балаларды белсенді қатыстыра білді. Тренинг сабағы өте жақсы,көңілді өтті. " Табиғатты аялаймыз,қорғаймыз аясында серуен құрып ойнаймыз!"атты тақырыпта Сармаева Мадина мен Калыгулова Гулден табиғат туралы балаларға мағлұмат бере отырып,оны аялау , қорғау жөнінде бейнеролик көрсетті. Балалар табиғаттан алған әсерін, табиғатты қорғау, қоқыстан тазарту жөнінде сурет салды. Түскі асқа барып балалар ауқаттанып алды. "Кел,билейік балақай!" атты биімізде балалар қазіргі 2022-2023жылдың заманауи тренд билерін билеп қызықтады. "Салауатты өмір салтын қалыптастыру"эстафеталық жарысын" спорт алаңында Қажытай Манарбек ағай жарыс ұйымдастырып, балаларды қызықтыра білді. "Ұшты-ұшты" ойынын ойната отырып,ненің ұшатынын,ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді. Ойын барысында жеңілген балалар өлең,тақпақ айтып,жаңылмаған ойыншы жеңімпаз атанды. Бүгінгі күніміз көңілді, қызықты өтті. Келесі күнге сәттілік тілейміз!
Топ жетекшілері: Жантерекова Зина
Калыгулова Гулден
Сармаева Мадина 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: