“Lesson study - teaching improving process” » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Lesson study - teaching improving process”
11
февраль
2022

“Lesson study - teaching improving process”

№185 жалпы білім беретін мектебі - Алматы қаласының жетекші мектебі. Жетекші мектеп санатында мектеп активтері білім берудегі жаңа оқу-әдістемелік тенденцияларды қарастырып, қала және аймақаралық, республикалық тәжірибе алмасу алаңдарында озық тәжірибелерімен бөлісіп келеді.
10.02.2022ж №185 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні бойынша инновациялық даму оқытушылары Алматы қаласы ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған тәжірибелік вебинар өткізді. Вебинар тақырыбы “Lesson study - teaching improving process”. Вебинар модераторы, мектептің стратегиялық даму және кәсіби қоғамдастық координаторы А.С.Қали ағылшын тілі пәнінде зерттеу алаңдарының ерекшелігіне тоқталып, зерттеулерге сараптама жасады. Вебинар спикерлері С.С.Абенова, А.А.Исабекова, А.Т.Маукебеков, А.С.Отегенова ағылшын тілінің “lesson study” зерттеу алаңына ұштасқан сабақтардың тәжірибелік кезеңдерін талдап, практикалық маңызы, “оқушы үнін” қалыптастырудағы мұғалім рөлін тәжірибеде көрсетті. Дебрифингте қала қатысушылары зерттеу алаңдары туралы ашық диалог өткізіп, тәжірибе алмасты. Алматы қаласы ҚББЖТӘО бас әдіскері Л.Б.Петрова вебинарға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға ерекше алғысын білдіріп, сараптама берді.
Вебинар модераторы А.С.Қали халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі ағылшын тілінің аялық деңгейіне, функционалдық ерекшеліктеріне тоқталып, қорытынды жасады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: