“Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе”
18
сентябрь
2023

“Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе”

“Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” - деген Жүсіпбек Аймауытұлының тағылымдық сөзі ХХІ ғасырдың ерекшелігіне бағдарланғандай айтылған. 18.09.2023ж №185 жалпы білім беретін мектебінде 11-сынып білім алушыларына тиімді мамандықтар галереясы мен білім алушының қабілет мүмкіндіктеріне орай бейіндік пәндерді таңдау туралы түсіндірме семинары өтті. Семинар модераторы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Қали 2022-2023 оқу жылындағы ҰБТ қорытындыларын талдап, 2023-2024 оқу жылында Ұлттық Тестілеу орталығы жүзеге асыратын пәндік айырым өзгешеліктерімен таныстырды. Өз кезегінде оқу бағдарламалары топтары, бейіндік пәндер спецификасымен мамандық таңдау, шектік балл көрсеткіштері жайлы сұрақтарға толық талдама жауаптар беріліп, мониторинг жүргізілді.
Мектептің педагог-психологы Н.Ә.Базарғалиева практикалық бөлімде “Мамандық таңдау - өз қолыңда!” ойын тренингін өткізді. Тренинг аясында білім алушылардың дайындық ауысымын оңтайлы ұйымдастыру туралы кеңестер беріліп, мамандықтар мәні айдарымен ойынға ұласты. https://www.instagram.com/p/CxVt2nNqZra/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: