“Сабақты зерттеу: зерттеу алаңдары мен тәжірибе. Білім алушыларға білім бердің тиімді трендтері” тақырыбында №3 педагогикалық кеңес өткізілд » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Сабақты зерттеу: зерттеу алаңдары мен тәжірибе. Білім алушыларға білім бердің тиімді трендтері” тақырыбында №3 педагогикалық кеңес өткізілд
06
январь
2023

“Сабақты зерттеу: зерттеу алаңдары мен тәжірибе. Білім алушыларға білім бердің тиімді трендтері” тақырыбында №3 педагогикалық кеңес өткізілд

https://www.instagram.com/reel/CnKa2_fKcXm/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
Нағыз оқудың қорытынды шыңы - өзгерістер. Эксперименттік алаңдағы және жетекші мектеп санатындағы мектеп ретінде №185 жалпы білім беретін мектебі ұлттық мектеп қалыптастырудағы жолда заманауи өзгерістердің ағымымен көш бастап келеді. 06.01.2023 жылы №185 жалпы білім беретін мектебінде “Сабақты зерттеу: зерттеу алаңдары мен тәжірибе. Білім алушыларға білім бердің тиімді трендтері” тақырыбында №3 педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес модераторы, мектеп директоры Кержикеева Данагүл Рысбайқызы қаралатын мәселелермен таныстырып, І жартыжылдық оқу-әдістемелік сараптаманы талдады.
Кеңес тәртібінде:
1. Сабақты зерттеуде білім алушылардың қабылдау ерекшеліктеріне байланысты жүргізілетін механикалық кешендер.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақыл Самарханұлы мен педагог-психолог Н.Ә.Базарғалиева бірінші мәселені жаттығу тренингпен көрсетіп, сабақты зерттеудегі жас ерекшелік физиологиясы мен қабылдау түрлеріне жағдаят ойындарды таныстырды.
2. Сабақты зерттеу: LS тәжірибесін практикалық бақылау және қолдану.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Б.Құрманбек, Ф.Қ.Туманшиева LS зерттеу тәжірибесі қажет деп көрсетілген сыныптардағы жұмыстарға сараптама жасап, пәндік бақылау мен сапаның өсім мониторингісін талдады.
3. ІІ тоқсандағы білім сапасының мониторингтік көрсеткіші.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Назира Асанқызы пайыздық талдама көрсеткіштерімен таныстырып, бақылауды қажет ететін пәндерді талқылауға салды.
4. Сабақты зерттеу: зерттеу алаңдары мен тәжірибе. Білім алушыларға білім берудің трендтері.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақыл Самарханұлы пәндік бақылаудың І жартыжылдық қорытындысын шығарып, сабақты зерттеу, оның түрлері мен алаңдары, тәжірибелік қолданысы жайлы шеберлік сағатын көрсетті.
Кеңес соңында кафедра меңгерушілері І жартыжылдықтағы кәсіби өсім сараптамасын ұсынып, сабақты зерттеу және білім алушылардың қызығушылығые арттырудағы жобалар бойынша жұмыс әзірлемесін дайындауға ұсыныстар алды. Кеңес шешімі толық кеңеспен қабылданып, ІІ жартыжылдықтың оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмыс негіздемесіне өзгерістер енгізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: