№1 педагогикалық кеңес » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №1 педагогикалық кеңес
27
август
2021

№1 педагогикалық кеңес

27.08.2021ж №185 жалпы білім беретін мектебінде Zoom платформасымен қашықтан №1 педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес модераторы мектеп директоры Д.Р.Кержикеева кеңес тәртібіндегі мәселелерді таныстырып, өткен оқу жылының сараптамалық көрсеткіштеріне шолу жасады.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Қали жаңа оқу жылының құрылымдық ерекшеліктерімен, нормативтік-базалық бұйрықтармен таныстырды. Өткен оқу жылының оқу сапасына аналитикалық талдау жасалып, оқу жоспарын бекіту, жаңа оқу жылында кәсіби қиындықтарды зерттеу алаңдарын құру, жаңа сараптамалық кеңес құрамын сайлау мәселелері бірауыздан сайлаумен орындалды. Кеңесте әр пәндік бірлестіктер мен кафедралардың жылдық жұмыстарына аналитикалық талдау жүргізіліп, мектептің стратегиялық даму жоспары таныстырылып бекітілді. Қалалық, республикалық деңгейде өткізілген мектеп Тренерлер корпусының жұмыстары нәтижелі екендігі сараланып, тренерлер корпусының құрамы жаңадан жасақталып таныстырылды.
Жаңа оқу жылында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылармен жалпы және қолданбалы оқыту ерекшеліктерімен таныстыру, жас маман мектебі мен сапалық құрам толықтырулары, тәрбие және әлеуметтік қолдау, мектепішілік бақылау, есептік-базалық жұмыс және сыныптарды топтау жұмыстары жайлы ДОІЖО Э.А.Мамырова, Б.Маратова, Н.Құрманбек, ДОӘІЖО Ф.Туманшиева, ДТІЖО Д.Мамырхан жоспарларын таныстырды.
2021-2022 оқу жылындағы пәндік бірлестіктердің кәсіби өрлеу мен даму онкүндіктері, айлықтарының мерзімдік кезеңдері белгіленіп, күзгі мектеп, қысқы және көктемгі кәсіби мектеп жұмысын тәжірибеде енгізу бекітілді.
Кеңес соңында дебрифинг өткізіліп, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары толық аяқталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: