Bilimland "Online mektep" білім беру платформасы » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Bilimland "Online mektep" білім беру платформасы
27
октябрь
2020

Bilimland "Online mektep" білім беру платформасы

Bilimland "Online mektep" білім беру платформасы - синхронды және асинхронды сабақ формаларын қашықтан оқыту кезеңінде жүзеге асыратын, оқушы, мұғалім және ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін оқыту платформасы. Аялық білім қоры 40-тан астам пәндер мен қосымша, факультатив сабақтарды қамтамасыз ететін отандық білім беру платформасы қашықтан сабақтарды жүргізу құрылғылары, құрылымдарымен толығып, қолданысы барлығына қолжетімділік қағидатына сай өз жұмысын жандандырып жатыр.
27.10.2020ж Алматы қаласы Білім басқармасы мен Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Online mektep" орталық менеджерлері директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына вебинар өткізді. Вебинар аясында "Online mektep" платформасының жаңа құрылымдары таныстырылды. Оның ішінде өздігінен басқару, сабақ кестесін құру, қосымша сабақтарды кіріктіру, электронды материалды пайдалану, өзара Zoom платформасымен бірге синхронды сабақтарды ұйымдастыру нұсқаулықтары көрсетіліп, желілік ерекшеліктер талданды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: