«Халықаралық зерттеулер жағдайында жаратылыстану пәндерін практикалық апробациялау» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Халықаралық зерттеулер жағдайында жаратылыстану пәндерін практикалық апробациялау» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
22
апрель
2024

«Халықаралық зерттеулер жағдайында жаратылыстану пәндерін практикалық апробациялау» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 22.04.2024 жылы Алатау ауданы №185 жалпы білім беретін мектебінде гимназия мәртебесіне көшу бойынша эксперименттік алаң режимінің қорытынды талдамалық жұмысы «Халықаралық зерттеулер жағдайында жаратылыстану пәндерін практикалық апробациялау» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинарға эксперименттік алаң режиміндегі мектептердің директорлары мен орынбасарлары, комиссия мүшелері мен сарапшылар қатысты.
Семинардың бірінші бөлімінде эксперименттік алаң режиміндегі 3 жылдықтың жұмысына талдама жасалып, жаратылыстану пәндерінің практикалық апробациялау мүмкіндіктері сарапталып, бағдарламаға сәйкес жүргізілді. Нәтижесінде рандом әдісімен жинақталған бастауыш сынып білім алушылары сабақтастық моделі арқылы жаратылыстану/дүниетану пәндерінде ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастырудың практикалық мүмкіндіктерін экспермиент ретінде көрсетіп, зертханалық жұмыстарға тапсырмалар жинақтады.
Семинардың практикалық бөлімінде 8-сынып білім алушылары география, 10-сынып білім алушылары химия, биология пәндерінің халықаралық зерттеулер мәнінде салыстырмалы практикалық айналым мүмкіндіктерін қарастырып, функционалдық сауаттылықты дамытудың тәжірибелік алаңын ұйымдастырды. Нәтижесінде білім алушылар зерттеу мәселесін қоя отырып, күрделілігі жоғары халықаралық зерттеулердің тапсырмаларымен жұмыс дағдысын көрсете білді.
Эксперименттік алаң жұмысының ғылыми жетекшісі Алматы қ., «Өрлеу» КБАИ аға тренері, халықаралық зерттеулер сарапшысы Есентаева Айжан Ыдырысқызы 3 жыл эксперименттік алаң жұмысында жазылған авторлық әзірлемелер мен элективті курстар, сынамаларға түсініктеме беріп, сарапшы пікірін ұсынды. https://www.instagram.com/reel/C6FxAr6Kt3c/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: