Тәуелсіздік-- бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік-- бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең
16
декабрь
2020

Тәуелсіздік-- бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең

Тәуелсіздік-- бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең.Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген Ұлы күн. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 29 жыл.Осы 29 жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды.Егемен еліміздің өз президенті , ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.Тәуелсіздік күнімен барша қазақстандықтарды Алматы қаласы, Алатау ауданы ЖББ #185 КММ шын жүректен құттықтайды. Мереке қарсаңында мектебімізде " Тәуелсіздік-- елімнің еркіндігі " атты онлайн кеш ұйымдастырылды. Мектеп директоры Кержикеева Данагүл Рысбайқызы барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап сөз сөйледі, кеш соңы оқушылардың мерекелік бағдарламасына ұласты.

[media=https://www.instagram.com/p/CIzvAZUDD0l/?utm_source=ig_web_copy_link]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: