"Заманға қарап, бөркіңді ки" » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Заманға қарап, бөркіңді ки"
18
сентябрь
2020

"Заманға қарап, бөркіңді ки"

"Заманға қарап, бөркіңді ки" - дейді дана халқымыз. ХХІ ғасыр - білімнің кемелдену ғасыры. Осындай мүмкіндігі көп, кәсіби және шығармашылық әлеуетті дамытатын ғасырда, сәйкесінше, білім беру ұйымдары да жаһандану үдерісінен өтеді. Бұл - жаңа формация педагогтарына тың серпіліс, ХХІ ғасырдағы мектеп моделінің жандануына үлкен бағдар. Үздіксіз білім беруді жаңа мүмкіндіктермен жетілдіру, педагогтарымыздың кәсіби және қоғамдастық тәжірибе алмасуын дамыту мақсатында Алматы қаласы Алатау ауданы №185 жалпы білім беретін мектебінде 16.09.2020 жылы заманауи жабдықталған "Педагогикалық Шеберлік орталығы" ашылды.
Алматы қаласы ПШО директоры Асаубаев Берік Құттыбайұлы, Алматы қаласы "Өрлеу" АО Біліктілікті арттыру институтының аға тренері, ф.ғ.к Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы, Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербекқызы орталықтың тұсаукесерін қиып, жаңа оқу жылында шығармашылық табыс пен кәсіби гүлденуді тіледі. Мектеп директоры Кержикеева Данагүл Рысбайқызы Педагогикалық Шеберлік орталығының ашылу мақсатын түсіндіріп, орталыққа таныстырылым жасады.
Педагогикалық Шеберлік орталығының координаторы п.ғ.м, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақыл Самарханұлы шеберлік орталығы арқылы кәсіби қоғамдастық, стратегиялық даму жұмыстардың жүргізілу жоспарымен таныстырып, мектебіміздің 15 аға көшбасшы, 12 орта көшбасшы тренер-оқытушылардың жұмыстарына талдау жасады.
Педагогикалық Шеберлік орталығында жоспарлы бейнесабақтар түсіріліп, вебинарлар, онлайн семинарлар, семинар-тренингтер, дәрістер мен конференциялар жүргізіледі.
Іске сәт!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: