Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесіі»
04
февраль
2025

«Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесіі»

“№185 мектеп-гимназия” КММ «Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесіі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 8-11 сынып қыз балалары қатысты. Аталмыш шараны мектеп директоры Кержикеева Данагул Рысбайқызы ашып, сөз сөйледі. Өз сөзінде қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды. Директордың тәрбие іс жөніндегі орынбасары Шидеева Сая Жазықбекқызы мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Сонымен қатар қыздардың кешкі уақытта үйден шықпауын, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын тапсырып, кеңестерін берді. Жиналыс соңында кешкі уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.​https://www.instagram.com/reel/DFfdX4qt7VF/?utm_source=ig_web_copy_link​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: