«Мектеп пен ата – ананың арасындағы қарым – қатынастың жаңа форматы» » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп пен ата – ананың арасындағы қарым – қатынастың жаңа форматы»
22
май
2021

«Мектеп пен ата – ананың арасындағы қарым – қатынастың жаңа форматы»

♦️ 22 мамыр 2021 жылы № 185 ЖББМ КММ – де «Мектеп пен ата – ананың арасындағы қарым – қатынастың  жаңа форматы» атты  Жалпыреспубликалық  ата – аналар жиналысы онлайн форматта өтті. 
♦️Ата – аналар жиналысының мақсаты: ата – аналарды/ балалардың заңды өкілдерін/ 2021-2021 оқу жылының  қорытындылары туралы хабардар ету
♦️Ата – аналар жиналысында төмендегідей мәселелер қаралып, талқыланды
·       2020-2021 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері
·       2020-2021 оқу жылындағы тәрбие бағыты бойынша оқушылардың жетістіктері
·       Соңғы қоңырау ,  мектеп бітірушілер кеші
·       9-11 сынып оқушыларының қорытынды емтихан кестесі
·       « Жазғы мектепті» ұйымдастыру
  
   Мектебіміздің директоры Данагул Рысбайқызы заманға сай білім беру болашағы жарқын ұрпақты тәрбиелеуде маңызды  рөл атқаратынын,  осындай миссияны № 185 ЖББМ  КММ   елімізде болып жатқан қиын жағдайға қарамастан , онлайн режиміне өтсе де,  ата – ана – оқушы – мұғалім үштігі бойынша үлкен жұмыстар атқарылғаны жайлы айтып өтті.   
  Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша  директордың ғылыми  ісі жөніндегі орынбасары Туманшиева Ф  жалпы 2020-2021  оқу жылындағы оқушылардың республика, қала, аудан аумағында жеткен жетістіктері жайлы айтып өтті.
   Екінші мәселе бойынша жыл бойы жасалған тәрбие жұмыстары қорытылып , видео ретінде ата – аналарға ұсынылды.  
  Сонымен қатар ата – аналарға қосымша соңғы қоңыраудың өтілу форматы,  9-11 сынып оқушыларының қорытындылау емтихан кестесі мен 2020-2021 оқу жылында  білім беру саласында жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылайын деп отырған «Жазғы мектеп» жайлы ақпараттар бірілді.
 Ата – аналар жиналысына барлық сынып жетекшілер мен ата – аналар  қатысты . Жалпы ата – аналар тарапынан қойылған  сұрақтарға толықтай жауап берілді. Жиналыс жоғары деңгейде өтті
             

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: