МИФ бірлестігі » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МИФ бірлестігі
18
январь
2021

МИФ бірлестігі

МИФ бірлестігінің ашылуы

Бүгінгі дамыған заманда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен іс - тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген.
Алматы қаласы Алатау ауданы №185 ЖББМ те жоспарға сай 18.01.2021 ж «Әлем нақты ғылымдар тілінде» тақырыбында МИФ бірлестігінің ашылуы жоғары дәрежеде өтті.
Мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Пән болып киінген оқушылар математикалық ертегіден көрініс көрсетті. 9-шы, 11-шы сынып оқушылары санитарлық талаптарды сақтаған түрде ашылуға қатысты. Жүргізушілер тарапынан берілген математика, физика, информатика сабақтарына қатысты сұрақтар мен жұмбақтарға белсене жауап беріп, сыйлықтармен марапатталды. Мектеп ұжымы 10-күндік жоспарымен таныстырылды. Мектеп басшысы Кержикеева Данагуль Рысбаевна МИФ бірлесітгіне және оқушыларға 10-күндікте сәттілік тіледі. Ашылу салтанаты қызықты өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: