“Синхронды, асинхронды сабақтарда GeoGebra, Classroom және Edpuzzle бағдарламаларын тиімді пайдалау » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Синхронды, асинхронды сабақтарда GeoGebra, Classroom және Edpuzzle бағдарламаларын тиімді пайдалау
26
январь
2021

“Синхронды, асинхронды сабақтарда GeoGebra, Classroom және Edpuzzle бағдарламаларын тиімді пайдалау

Алматы қаласы Алатау ауданы №185 ЖББМ КММ-де МИФ бірлестігі онкүндігі аясында математика ғылымдары магистрлары Ауэлбекова Г.У., Оразбек Л. және Тулеухасым С.Т. ұйымдастыруымен “Синхронды, асинхронды сабақтарда GeoGebra, Classroom және Edpuzzle  бағдарламаларын тиімді пайдалау” – шеберік сыныбы өткізілді.
Шеберлік сыныбында математика сабақтарында динамикалық бағдарламалар мен ақпараттық платформалар оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сандық сауаттылығын қалыптастыруы секілді өзекті тақырыптар қозғалды. Шеберлік сабағынын басты мақсаты – оқушыларды қашықтан білім алуда аталған бағдарламаларды қолдана отырып тақырыптарды сапалы меңгеру, есептер шығару және зерттеушілікпен айналысуға дайындау.
 Семинар қонақтары филология ғылымдары кандидаты, “Өрлеу” АО біліктілікті арттыру институтының аға менеджері Қоңырова Ақбота Турағуловна семинардан алған жаңа білімдердің маңыздылығына тоқталып, пікір білдірді. Шеберлік сағатының қашықтан оқытудағы тиімділіктері ашып көрсетілгеніне, практикалық тұрғыдан семинар қатысушыларының алары мен түйгені көп болғанын айтып кетті. Әсіресе,  ГНМЦНТО математика және ақпарттандыру бөлімінің методисті Кадырова Салтанат  Умирзаковна практикалық бөлімдегі  есептерді талдау арқылы өз ойын ортаға салды. Тәжірибе алмасып, пікір бөлісудің маңызы зор екенін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
 Семинар соңында қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушының білім деңгейін көтеру екенін, осы жолда №185 ЖББМ КММ-де жүйелі жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатқанын мектеп директоры Кержикеева Данагуль Рысбаевна айтып өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: