Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының кезекті Жолдауы » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының кезекті Жолдауы
07
сентябрь
2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының кезекті Жолдауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының кезекті Жолдауында ел дамуының негізгі бағыттары айқын көрсетілген.
Оның ішінде отандық білім және ғылым мәселелеріне ерекше назар аударылғаны да белгілі.
Президенттің тапсырмасымен үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеп, қашықтан оқыту платформасы бойынша және 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен 100% қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргіземіз.
Бұл ретте, алдағы уақытта мемлекеттік тапсырысты балабақшаларға қазіргі қолданыстағы жүйедегідей білім бөлімдері немесе басқармалары бөлмейді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымына жолдама алған балалардың ата-аналары кез келген балабақшаны таңдайтын болады. Әрине, мұндай бәсекелестіктің арқасында көрсетілетін қызметтердің сапасы да артуы тиіс.
Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Президенттің тапсырмасымен педагогтердің сынып жетекшілігі және дәптерлерді тексергені үшін қосымша ақысы екі есе өседі, сондай-ақ магистрлік дәрежесі үшін мұғалімдер 27 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы алады.
Сонымен қатар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектеп, колледж, қосымша білім беру және балабақша педагогтерінің лауазымдық жалақысы тағы да 25%-ға артады.
Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері де – ерекше назарда. Бұл тұрғыда еліміздің Бала құқықтары туралы Конвенцияның Факультативтік хаттамасына қосылуы өте маңызды қадам болмақ.
Балаларды кибербуллингтен қорғау, балаларға арналған спорт секциялары мен үйірмелерін жаппай ашу, қосымша білім беру ұйымдарын дамыту мәселелері барлық әкімдіктің қызметінде үлкен рөл атқарады.
Бұған қоса, Президент ғылым саласын дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды. Жер қойнауын пайдаланушылар жұмсаған шығындарының 1% ғылым мен технологияларды дамытуға бағыттауы туралы норманының іске асуына қатысты мәселені ғалымдар ұзақ уақыт бойы айтып келеді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: