Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Функционалдық сауаттылықтың пәндік аспектілері: тәжірибе, зерттеу. Сараптама»тақырыбында авторлық бағдарламаларды тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар өтті.
14
апрель
2025

«Функционалдық сауаттылықтың пәндік аспектілері: тәжірибе, зерттеу. Сараптама»тақырыбында авторлық бағдарламаларды тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар өтті.

2025 жылғы 14 сәуір күні Алматы қаласы Алатау ауданы «№185 мектеп-гимназия» КММ-нің ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Функционалдық сауаттылықтың пәндік аспектілері: тәжірибе, зерттеу. Сараптама» тақырыбында авторлық бағдарламаларды тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты – пән мұғалімдері арасында авторлық бағдарламалар бойынша тәжірибе алмасу, зерттеу нәтижелерімен бөлісу, сараптама жасау. Іс-шараның ашылуында Алатау ауданы Білім бөлімінің әдіскері Адамбекова Рита Омаровна мен мектеп директоры Кержикеева Данагүл Рысбаевна сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинар жұмысына Алатау, Жетісу, Наурызбай және Медеу аудандарының мектептерінен пән мұғалімдері қатысып, өзара кері байланыс орнатып, тәжірибе бөлісті. Семинар барысында №185 мектеп-гимназиясының педагог-зерттеуші мұғалімдері өздерінің авторлық бағдарламаларын таныстырып, пәндік функционалдық сауаттылықты дамытудағы әдістемелік жұмыстарымен бөлісті. Семинарды мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нуранова Гаухар Багдатқызы жүргізді. Семинар соңында қатысушылар кері байланыстарын ауызша және https://padlet.com платформасы арқылы жазбаша түрде қалдырып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: