27
март
2025
“ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПӘНДІК АПРОБАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕМАТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ. ТӘЖІРИБЕ» 3 күндік қалалық семинар-практикумның екінші сессиялық күні математикалық сауаттылықты практикада қолдануға бағытталды
Алматы қаласы Білім басқармасының медиа жоспарына сәйкес “ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПӘНДІК АПРОБАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ: ТЕМАТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ. ТӘЖІРИБЕ» 3 күндік қалалық семинар-практикумның екінші сессиялық күні математикалық сауаттылықты практикада қолдануға бағытталды. №178 мамандандырылған лицейде өткен қалалық семинар-практикумда №185 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалі і, педагог-зерттеуші, тренер Ауелбекова Гаухар Умурбековна PISA халықаралық зерттеулеріндегі математикалық сауаттылықтың практикалық қолданысы бойынша озық тәжірибелері мен зерттеулерін таратып, кәсіби шеберлігін көрсетті. Озық тәжірибе таратудағы кәсіби шығармашылығы үшін басқарманың Құрмет грамотасымен марапатталды.