Тәуелсіздік - бабадан қалған аманат » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік - бабадан қалған аманат
26
февраль
2021

Тәуелсіздік - бабадан қалған аманат


Алматы қаласы  Алатау ауданы № 185 жалпы білім беретін мектебінде  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл , Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік – бабадан қалған аманат» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
 Жоспар бойынша дөңгелек үстел 4 кезеңнен тұрды:
1.      Халық мұраты және Тәуелсіздік
2.      Әлихан Бөкейханов – Тәуелсіз Қазақстаннық айнасы
3.      Алаш және бүгінгі ұлттық ойлаудың келбеті
4.      Дөңгелек үстелге қатысушы мектептерден қонақ кәде ( Рухани өлең, ән, терме, т.б)
  Мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды  да, азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық , отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу.
    Бұл іс – шара Алатау аудандық білім бөлімінің қолдауымен оффлайн форматта өтті.  Дөңгелек үстел алаңына Алатау ауданы бойынша келесі мектеп оқушылары қатысты :
№ 26 ЖББМ
№  41 ЖББМ
№ 149 ЖББМ
№ 150 ЖББМ
№ 152 ЖББМ
№ 164 ЖББМ
№ 169  МЛ
№ 178 МЛ
№ 179 ЖББМ
№ 180 ЖББМ
№ 181 ЖББМ
№ 182 ЖББМ
№ 185 ЖББМ
№ 201 МГ
  Бүгінгі өткізілген дебаттың модераторы № 185 жалпы білім беретін мектептің директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары Дәурен Ержанұлы  дөңгелек үстел барысын жүргізіп, талқысөз алаңын ұйымдастырып, оқушыларға ой тастап, өрбітіп отырды.  Дөңгелек үстел барысында Тәуелсіз еліміздің қуантарлық жетістіктері мен кемшіліктері, Әлихан Бөкейхановтың еліміз үшін жасаған еңбектері мен болашақ Қазақстан жайлы пікірлер айтылып, талқыланды.  Дөңгелек үстел  тәуелсіз бақылаушылары : № 185 жалпы білім беретін мектептің директоры Кержикеева Данагуль Рысбайқызы, Аға тәлімгер Орынбаева Айдана Амангелдиевна және директордың  әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Фариза Қайратқызы болды.  Мектеп директоры Данагуль Рысбайқызы  дөңгелеу үстелге келген оқушыларға сәттілік тілеп, жетекшілеріне алғыс білдірді. 
   "Алаш ізбасарлар" клубының эстафетасының кубогын № 164 жалпы білім беретін мектепке жолданды. Келесі  пікір талас « Ұмыт болған дәстүрлер» тақырыбында болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: