"Елбасы медалі" жобасы! » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Елбасы медалі" жобасы!
02
апрель
2021

"Елбасы медалі" жобасы!

                  
"Елбасы медалі" жобасы!
Алатау ауданы №185 жалпы білім беретін мектебінің 11В сынып оқушысы Закариянова Әсем Ерланқызы "Елбасы медалімен" марапатталды.
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.
Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
"Елбасы Медалі" жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында әзірленді. Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегімен байланысты. Сондықтан жеңімпаздарға берілетін медальдар мен жоба «Елбасы Медалі» деп аталады.
Оқушымыз Закариянова Әсемді аталған марапатты иеленуімен құттықтаймыз. Мектеп ұжымы жаңа жеңістер мен сәттілік тілейміз. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

18 январь 2021 МИФ бірлестігі