Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025–2026 оқу жылы аясында Алматы қаласы №185 мектеп-гимназиясында Lesson Study зерттеу әдісі бойынша алғашқы отырыс өткізілді.
21
январь
2026

2025–2026 оқу жылы аясында Алматы қаласы №185 мектеп-гимназиясында Lesson Study зерттеу әдісі бойынша алғашқы отырыс өткізілді.

2025–2026 оқу жылы аясында Алматы қаласы №185 мектеп-гимназиясында Lesson Study зерттеу әдісі бойынша алғашқы отырыс өткізілді.
Отырыстың негізгі мақсаты – Lesson Study үдерісімен танысу, зерттеу тобының құрамын бекіту және алдағы зерттеу сабағын жоспарлау болды.
Кездесу барысында:
    •    Lesson Study әдісінің мәні мен маңызы талқыланды;
    •    Зерттеу жүргізілетін сынып пен пәндер анықталды;
    •    Оқушыны бақылау, кері байланыс беру, сараптамалық талдау бағыттары қарастырылды;
    •    Бірлескен кәсіби даму мен тәжірибе алмасудың маңыздылығы атап өтілді.
Lesson Study – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, оқыту сапасын жақсартуға және оқушыны жан-жақты зерделеуге бағытталған тиімді зерттеу тәсілі.
Алдағы уақытта зерттеу сабақтары өткізіліп, нәтижелері талданып, мектеп тәжірибесіне енгізілетін болады.

https://www.instagram.com/reel/DTx4v-QiMdV/?igsh=MTdsZHA1NndlZ3E5Mg==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: