Шет елден келген қонақ » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шет елден келген қонақ
14
октябрь
2021

Шет елден келген қонақ

Кәсіби тәжірибе алмасу қоғамдастығын халықаралық кеңістікте орнату - №185 жалпы білім беретін мектебінің стратегиялық мүмкіндіктерінің бір бағыты. 2021-2022 оқу жылына арналған стратегиялық даму жоспарына сәйкес мектеп активі халықаралық сарапшылармен бірлесе қашықтан/аудиториялық форматта экспериментальды және тәжірибелік сабақтарды, тың жобаларды қарастырады. Америка Құрама Штаттары Білім беру Департаментінің сарапшы-тренері Сет Синклер жоспарға сай мектебімізге арнайы келіп, тәжірибелік алаңда шеберлік сағатын көрсетіп, ағылшын тілі кафедрасының әдістемелік құрылымдарымен танысты. Тәжірибелік алаңда ағылшын тілі пәні мұғалімдері мен кафедра шәкірттері мәдениетаралық сабақтастық пен байланыс тақырыбында панорамалық сабақтарды көрсетті. Сет мырза мектеп активінің жұмысын жоғары бағалап, екіжақты кәсіби тәжірибе алмасу алаңын меморандуммен ұштастыруға ұсыныс білдірді.
https://www.instagram.com/p/CVBRd1ZDNL4/?utm_source=ig_web_copy_link


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: