“Үздік ұйым” » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Үздік ұйым”
05
октябрь
2021

“Үздік ұйым”


№185 жалпы білім беретін мектеп - Алматы қаласының жетекші мектебі. Стратегиялық және кәсіби даму, мектепішілік жоспарларға сәйкес мектеп тәжірибе алмасу кеңістігінде өз жұмыстарын сенімді көрсетіп, тың жобалар мен бастамаларға жетекші болып келеді. Ресурстық құрылымы заманауи тенденцияларға лайықталған мектеп қабырғасында ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері А.Егеубайұлы атындағы “Педагогикалық шеберлік орталығы”, ұлттық құндылықтар мен мәдени танымды қалыптастыруда “Домбыра” кабинеті, технологиялық және модельді жобалауды көрсететін “Робототехника”, интеллектуалды тұлға қалыптастыруда “Өзін-өзі тану” кабинеттері педагогикалық ұстахана деңгейінде жұмыстарын жандандырса, мектептің сараптамалық кеңесі мен тренерлер корпусы өз тәжірибелерін республика, аймақаралық, халықаралық деңгейде озық тәжірибе алмасумен дәлелдеп келеді.
Жемісті жеткен жетістіктері мен материалдық-ресурстық базасының жаңалану көрсеткіштерімен №185 жалпы білім беретін мектебі Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Үздік ұйым” байқауында бақ сынап, жетекші мектеп екендігін сенімді дәлелдеді. №185 жалпы білім беретін мектебі “Алматы қаласының орта білім беретін үздік ұйымы” конкурсының лауреаты атанып, Алматы қаласы Білім басқармасының лауреат дипломымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: