Домбыра үйірмесі » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Домбыра үйірмесі
16
ноябрь
2021

Домбыра үйірмесі

Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:
"Ежелгі дәуірден жеткен қастерлі домбыра ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. Қазақ сан ғасырлық шежіресінің куәсі болған қасиетті аспапты бойтұмарына балаған. Қазіргі тілмен айтсақ, бұл- біздің ұлттық брендіміз. "-деді.
Міне, 185 мектепте осындай асыл мұраны дәріптеу үшін, өскелең ұландарымызды ұлттық рухпен тәрбиелеу үшін домбыра үйірмесі ашылды. Үйірмеге балалардың қызығушылығы бірден артты.
Қазақ пен домбыраны бөле жара қарау мүмкін емес. Қазақтың қара домбырасында қасиет жатыр.
Сонау замандағы "Ақсақ құлан" күйі, домбырадан күмбірлей төгіліп, ауызбен жеткізе алмағанды үнімен жеткізіп, ханның қайғылы қазадағы қаһарынан қаншама жанның өмірін сақтап қалған еді.
Күй атасы Құрманғазы, дәулескер күйші Дәулеткерей, домбыраның құлағында ойнаған Дина апамыз бұлардың бәрі де біздің тарихымыздағы дәстүріміздің шоқысы биік майталмандары. Домбыра-біздің ұлтымыздың жекеменшігі. Қос ішектен шығатын күмбірлеген қоңыр үнде халқымыздың ғажайып тарихы, ұлттық мұрасы жатыр.
Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Бұл дәстүріміздің дарагөйі домбыраны атадан балаға мұра ету, біздің қасиетті парызымыз. Қазіргі таңда орта мектептерде домбыра үйірмесін ашып, жас ұрпақты ұлттық нәрмен сусындату-өмір талабы.
Атадан қалған аманатты қадір тұту-бәріміздің қасиетті борышымыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: