"Сәлем саған сүйікті алтын ұя мектебім" » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сәлем саған сүйікті алтын ұя мектебім"
01
сентябрь
2021

"Сәлем саған сүйікті алтын ұя мектебім"

01.09.2021 жылы. "Сәлем саған сүйікті алтын ұя мектебім" атты асыға күткен алғашқы қоңырауымыз да соғылды.>>> №185ЖББ мектебінің директоры Д.Р.Кержикееваның баршыңызға деген құттықтау ізгі лебізін қабыл алыңыздар!

✓✓✓Армысыздар, қадірменді ата аналар,ардақты ұстаздар қауымы және бүгінгі салтанатты кешіміздің негізгі кейіпкерлері, мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған кішкентай ғана бірінші сынып бүлдіршіндері! Баршаңызды қыркүйектің бірінші жұлдызы "Білім күні" мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл күн —білім нәрімен сусындаймыз деген шәкірт үшін де, балаларын білімнің терең теңізінде жүзіп бара жатқан кемеде көргісі келетін әрбір ата-ана үшін де, шәкірт жүрегіне сол білімнің кәусар нұрын құямын деген ұстаз қауымы үшін де ерекше күн.
Жүздерінде қуаныш нұры жайнаған, көздерінде білімге деген құштарлық ойнаған мектеп формасындағы балақайларды алтын ұяға қабылдау сәті, әр жаңа оқу жылындағы толқынысты сезімдерге тола болатын керемет күн дер едім. Себебі, бүгінгі ата-анасы көзінің нұрындай үміт етіп, қолынан жетектеп келген тарыдай ғана бүлдіршін, арада он бір жыл өткенде, ұясынан таудай болып ұшып шығатын, тәуелсіз мемлекетіміздің тегеурінді тірегіне айналар білімді жас болады деп сенім артар өскелең ұрпағымыз. Бүгінгі бірінші сынып-ертеңгі ел болашағы. Қай салада, қай жерде қандай биік асуларды бағындырсақ та, біздің түп бастауымыз дана халқымыздың тамыры терең дала философиясында жатыр. Сол бабаларымыз айтқан"Ұлт болам десең, бесігіңді түзе "деген ұлағатқа толы ұлы сөзі бар. Ал ұлағатты ұрпақты тәрбиелеу, ол сөз жоқ екі жақты ерен еңбекпен келері сөзсіз. Ендеше сол тәрбиенің екі қанаты бар, бір қанаты өздеріңізсіздер қадірлі ата-аналар, екінші қанаты, аяулы ұстаздар. Екі қанат мықты болғанда ғана, балапан құс қыранға айналып биікке самғайды. Олай болса, өскелең еліміздің тұғыры биік болсын десек екі қанатымыз мықты болсын,тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің білім жолына тұңғыш қадам аттаған кішкентай балдырғандарына үлкен үміт арта отырып, сәт-сапар тілейік.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: