Педагогикалық кеңес » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық кеңес
10
ноябрь
2020

Педагогикалық кеңес

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастыру №272 бұйрығына сәйкес 10.11.2020 жылы №185 жалпы білім беретін мектебінде қашықтан педагогикалық кеңес өтілді. Педагогикалық кеңес Zoom платформасымен өтті. Басшылыққа алынған құжаттар - ҚР Білім және ғылым министрлігінің №125, №373 бұйрықтары.Педагогикалық кеңес тақырыбы: "Қашықтан оқыту және мектепішілік бақылау: Жаңа педагогикалық тәжірибелер. Қоғамдастық. Педагогикалық әдеп".Қаралған мәселелер:
1. Қашықтан оқыту жағдайында сабақтарды зерделеу. Білім беру платформаларының сандық және сапалық көрсеткіштерін мониторингтау.
2. 2020-2021 оқу жылының І тоқсан қорытындысы: бақылау және бағалау мониторингі.
3. Қашықтан оқыту кезеңінде педагогтардың біліктілік санаттарын арттыру.
4. Қашықтан мектепішілік бақылауды жүргізудің жаңа аспектілері. Мектепішілік бақылау және құқықбұзушылық.
5. 2020-2021 оқу жылының "Алтын белгі" белгісіне үміткерлерді бекіту және бақылау;
6. Педагогикалық тандем. Әдістемелік бірлестіктер - қоғамдастық тәжірибе алмасу алаңында.
7. Әр түрлі мәселелер:
- мектепішілік ұйымдар мен клубтардың жұмысы;
Педагогикалық кеңеске Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы Қ.М.Акмурзаева қатысып, №185 жалпы білім беретін мектебінің Алматы қаласы тірек мектептерінің ішінде жетекші мектеп екендігін атап өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: