«Дара бала» балалар журналына өздерінің тырнақалды туындыларын жариялады » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дара бала» балалар журналына өздерінің тырнақалды туындыларын жариялады
14
декабрь
2021

«Дара бала» балалар журналына өздерінің тырнақалды туындыларын жариялады

Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытатын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да – кітап, газет, журнал екені ақиқат. Осы орайда, 1 «Ә» сынып шәкірттері Сембай Раяна, Сейтбек Іңкар, Төлеуғазы Жанболат, Бағдат Асу, Тохтиева Балауса, Тохтиев Динмухамед, Амангелді Елназар республикалық «Дара бала» балалар журналына өздерінің тырнақалды туындыларын жариялады. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынында қанаттандыратын сөздерімен жүректеріне сенім ұялатқан мектеп директоры Данагүл Рысбаевнаға,алғашқы ұстаздары Лаура Кошкарбаевнаға, еліне, жеріне , оқуға деген сүйіспеншіліктерін шығармаларымен білдіре алды десек те болады.
Жас қаламгерлердің қаламы ұштала берсін!
Сынып жетекшісі: Екибаева Л.К.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: