«Әліппе» » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әліппе»
27
сентябрь
2021

«Әліппе»

Жаңа оқу жылында бар кітапқа бас болған Әліппе оқулығы жаңа үлгіде мектеп бағдарламасына енгізілді. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған №185 ЖББМ 1- сынып оқушылары жаңа Әліппені үлкен сүйіспеншілікпен, қуана қабыл алды.
«Әліппе» оқулығының басқа оқу пәндерінен өзгешелігі – мектепте баланың қолына беретін тұңғыш оқу құралы. Ол кітапты бала алғаш рет көріп, қолына ұстайды.
Біздің жадымыздағы «Әліппе» Байтұрсынұлының «Әліппесі» . Жаңа оқулық Ахмет Байтұрсынұлының оқулығының түпнегізінде жасалған. Жалпы «Әліппе» осы атауымен қадірлі деп ойлаймын. Жаңа Әліппенің артықшылығы қазіргі технологиялардың дамыған заманында QR-код арқылы смарт қосымшасымен пайдалана алады.
Жаңа «Әліппеде» «оңайдан – қиынға, жеңілден – күрделіге өту» деген принцип қатаң сақталған. «Әліппе» оқулығы – білім алушының қайнар бұлағы. Ғылыми жағынан қарасақ, ол – тіл білімі мен әдебиеттанудың негізі. Жалпы тұтынушылар тарапынан қарасақ, «Әліппе» – білім алудағы алғашқы қадам. Ол – әр адамды аяқтандыратын, яғни сауаттылықтың негізін қалайтын, білімнің тереңіне бойлауына мүмкіндік ашатын оқу құралы.
https://www.instagram.com/p/CUPYhMJjDAG/?utm_source=ig_web_copy_link​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: