«Адалдық - тәрбиенің негізі» » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Адалдық - тәрбиенің негізі»
31
май
2021

«Адалдық - тәрбиенің негізі»

Алматыда «Адалдық - тәрбиенің негізі» тақырыбында дебат өтті


"Қазақстан волонтерлар Лигасы" ҚҚ Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының және Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қолдауымен "Парасаттылық тәрбие негізі ретінде" тақырыбында дебат турнирі өткізілді.
Осы іс-шара аясында Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша екі команданың қатысуымен (Үкімет және Оппозиция) АОФ форматында 2 спикерден пікірталас өтті. Командаларға жауап дайындауға уақыт берілді. Әр спикер қатаң белгіленген уақыт ішінде сөз сөйледі. Пікірсайыс қорытындысы мен жеңімпаз команданы судья анықтап.
Пікірсайыс турнирі 29-31 мамыр аралығында өтіп, аудан атынан шыққан команда финалда бақтарын сынап жеңіске жетті.
Жүлдегерлер төмендегідей:
- 1 орын - Жұмақ фракциясы: Еркін Жантас, Әбдіжан Нариман (Еуразиялық колледж);
- 2 орын - Моанди: Диана Мулик, Байраш Гүлсім (АТУ);
- 3 орын - «Жасқыран» фракциясы: Мамырхан Дәурен, Мамбетова Шынар Алатау ауданы мұғалімдері иеленді. Ауданымыздың ұстаздары бәсекеге қабілетті екендіктерін дәлелдеп сайыс барысында қарсыластарынан қалысбады.
Пікірсайыс турнирінің финалистеріне «Альфа академиясы» білім беру орталығынан ағылшын тілін үйренуге сертификаттар түрінде естелік сыйлықтар, 3-орын кубогы мен сондай-ақ қазақ тіліне аударылған бестселлер «Бақытты қала» кітабы табысталды.

Жарайсың, Даурен!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: