Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл” мерекелік медалімен марапатталды
20
декабрь
2021
“Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл” мерекелік медалімен марапатталды
Үркімбаева Айгүл Рақымбайқызы - жоғары білікті бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші. Еңбек өтілі: 40 жыл №185 жалпы білім беретін мектебі ашылғалы бері үздіксіз педагогикалық жемісті қызметін оқу-әдістемелік жұмыстарға арнап, ұстаздық ұстаханасынан бәсекеге қабілетті, зияткер ұрпақты тәрбиелеп шықты. Үркімбаева Айгүл Рақымбайқызы - білім беру жүйесінде педагогикалық және жетекшілік жұмыстарында мол тәжірибесі бар кәсіби маман. Ұстаздық еткен осы жылдар кезеңінде өзін жауапты да білімді,
МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ
06
декабрь
2021
МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ
Республикалық ашық турнирде (орыс,тәжік,қырғыз,өзбек спортшылары додаға түскен)№185 ЖББ мектебіміздің оқушысы Сариев Нұржігіт 3 орынды иеленді👏👏👏жетекшісі Дюзбаев Берікбол ағай,құтты болсын,жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер👏👏👏
Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін
30
ноябрь
2021
Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін
Музыка пәні бірлестігінің өткізген Ресбупликалық семинарында №185 ЖББ мектебіміздің директоры: Кержикеева Данагүл Рысбайқызы "Спорт жұлдыздары" журналы редакция алқасының шешімімен "Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды! Құттықтаймыз!
"ДАРА БАЛА"атты байқауда "БЕЙНЕЛЕУ ОНЕРІ"
22
ноябрь
2021
"ДАРА БАЛА"атты байқауда "БЕЙНЕЛЕУ ОНЕРІ"
Республикалық "Дара бала" журналының ұйымдастыруымен өткізілген "ДАРА БАЛА"атты байқауда "БЕЙНЕЛЕУ ОНЕРІ" аталымы бойынша өнер көрсетіп, ерекше өнерімен көрермен көзайымына айналған, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған "№185жалпы білім беретін" КММ 3 «Ғ» сынып оқушысы: Карим Кәусар және Ырысдаулет Назерке І дәрежелі дипломымен марапатталады. Жетекшісі: Омарбаева Жазира Серікқалиқызы
Шахмат ойыны
22
ноябрь
2021
Шахмат ойыны
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алатау ауданы мемлекеттік білім беру мекемелері қызметкерлері арасында өткен шахмат ойыны жарысында 185 ЖББМ ұстазы Есенбаева Жұлдыз 1 орынды, Мәукебеков Асқар 3-орынды иеленді. Есенбаева Жұлдыз қалалық ойынға жолдама алды.
"Туға қарап бой түзе"
20
ноябрь
2021
"Туға қарап бой түзе"
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерейтойына орай "Жас Ұлан, Жас Қыран" ББЖ ұйымының ұйымжастыруымен өткен "Туға қарап бой түзе" атты аудандық ту ұстаушылар байқауына қатысып, ІІ орын иегері атанғаны үшін №185 ЖББ мектебіміздің шәкірттері "Бөрілер" тобы марапатталады. ​https://www.instagram.com/p/CWcvmxxDcKj/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
“Педагогикалық идеялар фестивалі”
18
ноябрь
2021
“Педагогикалық идеялар фестивалі”
Назар Наргиза Ержанқызы - жоғары білікті физика пәні мұғалімі, педагог-модератор. Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен қалалық “Педагогикалық идеялар фестивалі” байқауында Назар Наргиза 3 орын жеңімпазы атанды. Құттықтаймыз!
“Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұрағы”
17
ноябрь
2021
“Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұрағы”
“Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұрағы” атты V Республикалық оқушылар айтысының қалалық кезеңінде 11”А” сынып оқушысы Абдуғаффаров Болатжан 3-орын жеңімпазы атанды. Жетекшісі: Байкушукова Э.Т.
ЖЕТІСТІКТЕР
13
ноябрь
2021
ЖЕТІСТІКТЕР
№185 ЖББ мектебіміздің 9-11 сыныптар арасында футболдан өткен аудандық жарыста жүлделі 2-орын алғаны үшін шәкірттеріміз марапатталады. Жетекшілері: Абдильдаев.Т Титенаев. Ж  
Алтын сақа
12
ноябрь
2021
Алтын сақа
Математика пәнінен республикалық « Алтын сақа >> олимпиадасының аудандық кезеңінде І ОРЫН иеленгенi үшiн №185 ЖББМ Атажанов Нуртас марапатталады Жетекшісі: Махабаев Абзал Құттықтаймыз!
Алғыс хат
11
ноябрь
2021
Алғыс хат
№185 ЖББ мектебіміздің директоры: Кержикеева Данагүл Рыспайқызы 2020-2021 жылғы кезекті Ұлттық халық санағын өткізуде белсенді атсалысқаны және әлеуметтік экономикалық дамуын анықтау жолында аянбай еңбек етіп, өз үлесін қосқаны үшін Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың Алғыс хатымен марапатталды.
Қалалық ЭССЕ
10
ноябрь
2021
Қалалық ЭССЕ
Ұстаздар күніне орай өткізілген ағылшын тілі пәнінен қалалық эссе байқауына №185 ЖББ мектебінің 7"Ә" сынып оқушысы: Ақымжан Алтынай 2 орын иеленгені үшін марапатталады. Жетекшісі: Сүйерқұл Айнұр Құралбекқызы Құттықтаймыз!!!  
Көңiлдi хайуанаттар бағы
28
октябрь
2021
Көңiлдi хайуанаттар бағы
Оқушылар сарайында өткен, МККК Экологиялық- биологиялық бөлімі бойынша, Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған « Көңiлдi хайуанаттар бағы » табиғи заттардан жасалған қолөнер бұйымдарының қалалық байқауына жүлдегерді дайындағаны үшін Амантаева Рыскуль Исатаевна МАРАПАТТАЛАДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!! 
"Оқуға құштар мектеп,оқуға құштар ұлт "
28
октябрь
2021
"Оқуға құштар мектеп,оқуға құштар ұлт "
https://www.instagram.com/tv/CVk-Thbjp6l/?utm_source=ig_web_copy_link №185 ЖББ мектебінің 3 сынып жетекшілерінің "Оқуға құштар мектеп,оқуға құштар ұлт " жобасы бойынша оқушыларды кітап оқуға баулып,жан-жақты таланттарын ашуда. Мақсаты: Оқушыларды мән-мағыналы кітаптарды оқуға, адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, өз халқының салт-дәстүрін үйретуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Өнерлі бала
27
октябрь
2021
Өнерлі бала
ADEBI.KZ электронды акпарат , білім сайты ұйымдастырған жалпы республикалық байқауға қатысып , << Өнерлі бала >> номинациясында даралығын көрсетіп , ерекше қабiлеттерімен үздiк деп танылған №185 ЖББ мектептің шәкірттері марапатталады. Жетекшісі: Аяпова Шолпан. Құттықтаймыз👏🏻👏🏻👏🏻 
"Ақберен"
25
октябрь
2021
"Ақберен"
Шығармашыл оқушылар арасында өткен "Ақберен" өнер байқауының қалалық кезеңінде "Ақындар айтысы" номинациясы бойынша №185 ЖББ мектебінің 11 "А" сынып оқушысы Абдуғаффаров Болатжан Абдуллаұлы 1-орынды иеленді. Жетекшісі *Байкушукова Эльмира Танирбергеновна 
Мақтаныштарымыз
25
октябрь
2021
Мақтаныштарымыз
Дзюдо күресінен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан Әлем чемпионы Б.Жетпісбаевтың жүлдесіне арналған Алматы облысының ашық турнирінде №185 жалпы білім беретін мектебінің жас спортшысы Сәкен Мағжан 2 орын жеңімпазы атанып, чемпиондар тұғырынан көрінді. Жаттықтырушы: Дюзбаев Б.С. Құттықтаймыз!!!
Мақтаныштарымыз!
25
октябрь
2021
Мақтаныштарымыз!
Алашорда қайраткерлерін еске алу және ұлықтау құрметіне арналған Алматы қаласында өткен ашық дзюдо чемпионатында №185 жалпы білім беретін мектебінің жас спортшылары Қанатбай Мансұр, Сейдолла Даниел 1 орын жеңімпаздары атанып, чемпион атағын иеленді. Жаттықтырушы: Дюзбаев Б.С. Құттықтаймыз!