Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2026 года » Страница 2
“№1 Алматы қазақ гуманитарлық‑педагогикалық колледжі” ұйымдастырған ашық есік күні
10
март
2026
“№1 Алматы қазақ гуманитарлық‑педагогикалық колледжі” ұйымдастырған
Алматы қаласы Алатау ауданының №185 мектеп-гимназиясының оқушылары “№1 Алматы қазақ гуманитарлық‑педагогикалық колледжі” ұйымдастырған ашық есік күніне қатысты. Іс-шара барысында оқушылар колледждің білім беру бағдарламаларымен, оқу кабинеттерімен және заманауи оқу құралдарымен танысты. Колледж ұстаздары мен студенттері болашақ талапкерлерге оқу үдерісі, мамандықтар және колледждің мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар қонақтарға колледж өмірі, шығармашылық үйірмелер мен
“Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжіне”ашық есік күні
10
март
2026
“Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжіне”ашық есік күні
Алматы қаласы Алатау ауданы Nº185 мектеп-гимназиясының білім алушылары “Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжіне”ашық есік күніне барды. Онда колледждің оқытушылары мен студенттері бізді жылы қарсы алды. Алдымен колледж туралы жалпы ақпарат беріліп, қандай мамандықтар бар екені таныстырылды. Содан кейін біз оқу кабинеттерін, зертханаларды және шеберханаларды араладық. Әсіресе көлік технологияларына арналған зертханалар өте қызықты болды. Студенттер өздерінің тәжірибелік жұмыстарын
“Сез бен саз” атты республикалық байқау
04
март
2026
“Сез бен саз” атты республикалық байқау
“Сез бен саз” атты республикалық байқауының “Ән салшы, бір бала-ай” жас дәстүрлі ән орындаушылар байқауының аудандық кезеңінде 8–13 жас аралығы бойынша ІІІ орын иегері Молдалим Қарақат  марапатталды. Жетекшісі: Андиров Бекет  Жас өнерпазымызға шығармашылық табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!  https://www.instagram.com/p/DVeNjbyjr_m/?igsh=bnFxcjJ0NTI0bTBz
“Алматы сервис және технологиялар колледжі”, “Алматы электрмеханикалық колледжі” және “Архитектура, дизайн және инженерия колледжі” оқу орындары
03
март
2026
“Алматы сервис және технологиялар колледжі”, “Алматы
Оқушылар ашық есік күні аясында “Алматы сервис және технологиялар колледжі”, “Алматы электрмеханикалық колледжі” және “Архитектура, дизайн және инженерия колледжі” оқу орындарына барды. Іс-шара барысында талапкерлер оқу бағдарламаларымен, мамандық түрлерімен және материалдық-техникалық базамен танысты. Колледж оқытушылары мен студенттері қонақтарға шеберлік сабақтарын көрсетіп, сұрақтарына жауап берді. Ашық есік күні оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беріп, әр оқу орнының
“Алматы автомеханика колледжі”базасында өткен ашық есік күні
03
март
2026
“Алматы автомеханика колледжі”базасында өткен ашық есік күні
Алматы қаласы Алатау ауданы №185 мектеп-гимназиясының оқушылары “Алматы автомеханика колледжі”базасында өткен ашық есік күні барысында оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Колледж оқытушылары мен студенттері қонақтарға заманауи шеберханаларды көрсетіп, оқу үдерісі жайлы түсіндірме жүргізді. Іс-шара барысында талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтары бойынша бағыт-бағдар алды.
«Жылдың үздік оқушысы-2026» байқауы
03
март
2026
«Жылдың үздік оқушысы-2026» байқауы
«АЛАТАУ» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Жылдың үздік оқушысы-2026» байқауы өз мәресіне жетті! 🏆 Мектебіміздің ең дарынды, білімді де белсенді оқушылары бақ сынасқан додада 8-9 сыныптар арасынан нағыз үздік анықталды. ✨ Байқау нәтижесі бойынша 9 «В» сынып оқушысы Кимхан Айару жоғары дайындығымен және ерекше қабілетімен көзге түсіп, «Жылдың үздік оқушысы-2026» атанды! Айаруды осы үлкен жеңісімен құттықтаймыз! Білім биігінде асуларды бағындыра бер, жас қыран! 
“Алматы телекоммуникация және машина жасау”колледжінде ашық есік күні
02
март
2026
“Алматы телекоммуникация және машина жасау”колледжінде ашық есік күні
Алматы қаласы Алатау ауданы №185 мектеп-гимназиясының білім алушылары “Алматы телекоммуникация және машина жасау”колледжінде ашық есік күніне қатысты. Ашық есік күні аясында білім алушылар оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, заманауи зертханалар мен шеберханаларды аралады. Колледж мамандары талапкерлерге мамандықтар, қабылдау шарттары және оқу ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді. https://www.instagram.com/reel/DVZtPNPCPEn/?igsh=d2I5ZXBudDR6Mzd0
Назад 1 2 Вперед