Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар
22
октябрь
2020

Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту бұйрығына сәйкес №185 жалпы білім беретін мектебінің тәлімгерлері 2020-2021 оқу жылында жас мамандармен кәсіби, тәжірибе алмасу және біліктіліктерін арттыру жұмыстарының жоспарын, тәлімгер тізімдемесін бекітті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақыл Самарханұлы тәлімгерлерге
ҚР 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293 "Педагог мәртебесі туралы" заңын жас мамандарға толық таныстыруға, заңның 13-тармақшасы тәлімгерлікті ұйымдастыру жұмыстарын талдауға байланысты бірнеше нұсқаулықтар берді. Оның ішінде білім беру платформаларымен жұмыс, бағалауды жүргізу құрылымдары, нормативтік бұйрықтармен танысу, инклюзивті білім беру, үйден оқыту, тәлімгерлер курсы жұмысы сарапталды. Қашықтан оқыту кезеңінде жас мамандармен жүргізілетін оқу-тәрбие, қоғамдастық жұмыстардың жоспары толық зерделеніп, тәлімгерлерге ақпараттық-әдістемелік кеңестер мен көмектер берілді. Мектепішілік жоспарға сай қараша айы "жас мамандар мен тәлімгерлер" айы деп бекітіліп, айлық іс-шараның қашықтық-аудиториялық формалары қаралып, айлық жоспар талдаудан өткізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: