“Жобалық оқыту әдісі” тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өтілді. » 185 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№185 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 307–93–15
Есепші бөлімі:
+7(727) 306–07–39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жобалық оқыту әдісі” тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өтілді.
28
февраль
2024

“Жобалық оқыту әдісі” тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өтілді.

2024 жылдың 28-ші ақпанында Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің бастамасымен №185 жалпы білім беретін мектеп базасында биология пәнінен “Жобалық оқыту әдісі” тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өтілді. Аудандық әдістемелік семинарға аудан мектептерінің биология пәні мұғалімдері қатысты. Семинардың ашылуында Алатау аудандық білім бөлімінің әдіскері Смагулова Алия Белгібаевна семинар өзектілігін, мақсат-міндеттерін, жоба жұмысының жоспарының құрылымының маңыздылығын атап өтіп, сәттілік тіледі. Семинар практикалық бөлімдерді қамтыды.
Семинардың жобалық оқыту әдісін: Келденов Қ.К, жобадағы тақырыпты түсіндіруді: Исабай А.Қ, квест тапсырмаларын шешу жұмыстарын және мәтіндік тапсырмаларды құрастыруды: Мухаметкаримова Ж.А, Жаманкеева Д.О, Зулпыкарова Б.З өткізді. Семинар соңындағы кері байланыс барысында пән мұғалімдері өткен семинардың тиімділігін қажеттілігін атады. Биология пәнінен ауданның ресурстық базалық мектеп атанған №185 жалпы білім беретін мектебі тәжірибелік алаңдағы практикалық семинары жоғары деңгейде өткізілді. ​https://www.instagram.com/reel/C34rx5XtVaj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: